State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Онлайн форматтағы түлектерге салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі  

  Онлайн форматтағы түлектерге

салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі  

 

2 шілде – геодезия және картография жоғары колледжінің түлектері үшін ерекше күн. 2021 жылғы түлектер үшін осы жаздың шуақты күндерінің ең қызықты және көптен күткен басты оқиғасы – салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі!

Кешегі – студенттер, бүгін – түлектер, бірнеше жыл бойы қиын да, қызықты оқу жолын өткерді. Сынақтар, емтихандар, курстық жұмыстар, тәжірибелер және демонстрациялық мемлекеттік аттестаттауды тапсыру! Бұның бәрі өз ісінің шебер маманы болуы үшін жасалған батыл қадамдар! Биыл колледжді 108 түлек  бітірді, оның ішінде 9 адам үздік дипломға ие болды.

Осындай атаулы күні топ жетекшілері түлектермен қуанышты мерекені бөлісуге келді, ата-аналары, туыстары мен достары онлайн диплом тапсыру рәсіміне қосылды. Бітіруші түлектерге колледж директоры Тулеуов Қаныш Максутович пен өз студенттерін үздіксіз қолдап келген топ жетекшілері тарапынан құттықтау сөздер мен жылы лебіздер айтылды. Түлектерге еңбек жолдарының сәтті болуын және өмірде жаңа белестерді бағындырып,  жетістіктерге жетуін тіледі.

Салтанатты кеште экраннан түлектердің колледжде және одан тыс жерлерде өткізген қызықты сәттері мен өмірі туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқытушыларға түлектердің өздері және олардың ата-аналары жылы  лебіздерін білдірді.

Оқу орнының ұжымы түлектерді оқу жылының табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтайды және мақсаттарының орындалуын тілейді!

Ақ жол, қымбатты түлектер!

Іс-шара эпидемиялогиялық  талаптарды сақтай отырып,  онлайн режимде ұйымдастырылды.

 

 

 02 July 2021