Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Колледждегі кәсіптік тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері

“Геодезия және картография колледжі” КМҚК студенттерді тәжірибелік оқытудың келесі жүйесі қалыптасқан: 

1. Зертханалық-тәжірибелік сабақтар
2. Оқу тәжірибесі
3. Өндірістік тәжірибе

Әрбір нысан белгілі бір мақсаттарды көздейді:
1. Теориялық сабақтарда алған білімдерін нығайту, аспаптармен танысу, топографо-геодезиялық үрдістерді орындаудың технологиялары мен әдістерін үйрету мақсатында оқу  жылы барысында зертханалық-тәжірибелік сабақтар өткізіледі.

2. Оқу тәжірибесі оқу үдрісінің жалғасы болып табылады (оқу жылының 3-ші оқу семестрі деп атауға болады).  Тәжірибе бағдарламасы негізгі топографо-геодезиялық жұмыстардың міндетті түрде орындалуын қарастырады, жұмыс көлемдері апта, сағат көлемінде анықталған.  Оқу тәжірибесінің мақсаты – топографо-геодезиялық жұмыстардың технологияларын терең зерделеу, олардың орындалуы бойынша аспаптар, нұсқаулықтар мен басшылықтарды оқу, бағдарламамен қарастырылған үдерістерді орындау дағдыларын меңгерту.

3. Геодезистер мен картографтарды  кәсіби даярлау құрылымы ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді және бітіруші түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге негіз болып табылады.

Оқу және өндірістік тәжірибесі мамандарды қалыптастырудағы негізгі буын болып табылады. Оқу және өндірістік тәжірибе  37 аптаны құрайды. Бұл мамандарды даярлауға бөлінген жалпы теориялық сағат көлемінің  48% құрайды.

 15 May 2018