Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Тақырыбы: «Алтын жүрек» алғыс айту челленджі  

«Геодезия және картография жоғары колледжінде» КМҚК

«Алтын жүрек» алғыс айту челленджінің өтілгендігі туралы

АҚПАРАТ

 

«Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани тәрбиесі жобасына арналған жыл сайынғы дәстүрлі іс – шаралар декадасы аясында өткізіліп жатқан  «Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты  іс-шара кезінде колледжіміздің 1 курс студенттер арасында жақын жандарымыз бен өміріміздегі мәнді оқиғаларға, ата – аналарымызға, ұстаздарымызға, жақын – жандарымызға алғыс білдіру мақсатында  «Алтын жүрек» челленджі (құттықтау видеолары және әр топ арасында фотосурет эстафетасы ) онлайн форматта  өтті.

Мақсаты:  Өскелең ұрпаққа өмірдегі әр адам мен оның жақсы істері үшін рақымды болуға, алғыс айта білуге және жақындарымызға кеңпейіл болуға шақыру;

Эстефетаға белсенді қатысып, челлендждің қортындысы ретінде  «Асыл жүрек» фотокөрмесін даярлауға үлес қосқан студенттерге ерекше алғыс айтылып, жасалған жұмыстар колледжіміздің инстапарақшасында жарияланды.

Челлендж барысындағы жұмыстарды зерделей келе, мақсатымыз айқын орындалды деуге болады.

«Алтын жүрек» челленджін ұйымдастырушы:

«Өзін – өзі тану» пәні мұғалімі Қайпханова М.Қ

 19 February 2021