Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Әлеуметтік серіктестікті дамыту

ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

«Геодезия және картография колледжі» КМҚК жас мамандарды жұмысқа орналастыруда, кәсіптік тәжірибе өткізуде, колледж оқытушыларының әрі қарай біліктілігін көтеруде Қазақстан Республикасында топографо-геодезиялық, инженерлік-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындайтын 100-ден астам түрлі ұйымдармен белсенді серіктестік орнатты.

Олардың негізгілері мыналар:

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару бойынша комитет құрамына кіретін кәсіпорындар:

“ҚАЗГЕОДЕЗИЯ” РМҚК және оның Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан 8 филиалы, Астана қ.:

  • “Ұлттық картографо-геодезиялық қор” РМҚК, Алматы қ.;
  • Республикалық картографиялық фабрика, Алматы қ.;
  • “Атырау облыстық геотехникалық орталық” КМҚК, Атырау қ.;
  • “МемжерҒӨО ШҚ ЕМК” – Өскемен қ. және оның Семей филиалы;
  • “Жер” ЖШС, Алматы қ.;
  • “Павлодар жерҒӨО” РМҚК, Павлодар қ.

Жол-құрылыс ұйымдары:

  • “Жол құрылыс” АҚ – Астана қаласы;
  • “К-Дорстрой” АҚ- Астана;
  • “Семдорстрой” ЖШС – Семей қаласы;
  • “Казахдорстрой” ЖШС Щучинск қаласы;
  • “Павлодаржолдары” ЖШС – Павлодар қаласы;
  • “Целиндорстрой” – 1″ ЖШС – Астана қаласы;
  • “АДСТ-К” ЖШС – Астана қаласы;
  • “Трансстроймост”АҚ – Қапшағай қаласы;
  • “Мостоотряд-1” ЖШС – Алматы қаласы.

Бірқатар басқа да ұйымдар:

  • “Талдықорғансужоба институты” ЖШС, Талдықорған қаласы;
  • ҚР ҰЯО геофизикалық зерттеулер институты,  Курчатов қаласы;
  • “Байкал” РМК, Курчатов қаласы;
  • Жезкент КБК,  Жезкент кенті;
  • Ә. Х. Марғұлан атындағы археологиялық экспедициялар институты  және т. б.

Аталған ұйымдармен көпжылдық тығыз қарым-қатынас орнатылған және өндірістік технологиялық тәжірибе өткізу туралы типтік  келісімшарттар жасалған. Бүгінгі таңда негізгі геодезиялық және картографиялық міндеттерді шешу үшін жаңа ақпараттық технологиялар, сандық аэро және ғарыштық түсірімдер енгізілуде.

Геодезия және картография саласындағы осы жетістіктерді пайдалана отырып, кадрларды дайындауды үйлестіру үшін  ТМД елдерінің бейіндес  колледждерімен дәстүрлі халықаралық қатынастарды жүзеге асыруда және қазіргі заманғы геодезиялық құрал-жабдықтарды өңдейтін, жабдықтайтын фирмалармен де қарым-қатынас орнатылуда: 

  • Мәскеу геодезия және картография колледжі;
  • Новосібір геодезия және картография техникумы;
  • SOVZOND, Мәскеу қ.;
  • “Фирма ” РАКУРС” ЖАҚ-ның, Мәскеу қ.;
  • DIGITALORB, Қазақстан.
    Алыс Шетел:
  • ТООЕАТЅ “LeicaGeosistems”, Швейцария;
  • “КРЕДО-ДИАЛОГ” НПО, Беларусь;
  • “Геокурс” ЖШС, “Мәскеу-Алматы”;
  • “Геокурс-Восток” ЖШС, Өскемен қ.

Шетелдік EATS “Leica Geosistems” (Швейцария) ЖШС және “НПО” КРЕДО-ДИАЛОГ” (Беларусь) фирмаларымен ынтымақтастық нәтижесінде оқу үрдісінде “Liscad Professional”, “CREDO” бағдарламалары пайдаланылады.

“SOVZOND” Халықаралық ұйымы – жер серіктерінен Жерді қашықтықтан зондтау деректерінің ресми дистрибьюторы жүйелі түрде Е-MAIL бойынша колледжді әлемдегі ғарыштық түсірілім  жағдайы туралы ақпараттандырып, оқу үрдісінде пайдалану үшін ғарыштық түсірілімдердің тәжірибелі үлгілерін береді.

2010 жылы  “ГЕОКУРС” ЖШС (Алматы қ.) және “ГЕОКУРС-ШЫҒЫС” (Өскемен қ.) әріптестік қатынастар орнатылды. Ынтымақтастық нәтижесінде колледж базасында топографо-геодезиялық жұмыстарды орындайтын және геодезиялық циклдағы пәндерді оқытатын оқу орындарының өкілдері,  ШҚО ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен “Геодезия бүгін және ертең” тақырыбында бірлескен облыстық семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар соңында заманауи  электрондық және цифрлық геодезиялық аспаптар мен GPS жер серіктік геодезиялық кешенінің көрмесі  ұйымдастырылды. Компания өкілдері колледж студенттері мен келген ұйымдар өкілдеріне осы аспаптармен жұмыс істеу бойынша тренинг өткізді. Демеушілер GPS кешенін колледжге сыйға тартты.  Колледж студенттері семинарға қатысушыларға оқу тәжірибесінде заманауи ақпараттық геодезиялық технологияларды пайдалануды көрсетті.

2012 жылдың маусым айында «Геокурс-Шығыс» ЖШС мамандары колледж оқытушыларына бір жиілікті GPS көмегімен жер беті координаттары нүктесін анықтау әдістемесі бойынша  тәжірибелік сабақ өткізді. 11 оқытушы сертификат алды және алған білімдерін болашақ мамандарды даярлауда пайдаланады. 

2013 жылдың ақпан айында колледжде «Геостройизыскания» ЖШС мамандары арнайы пәндер оқытушылары үшін жапон фирмаларының геодезиялық аспаптарымен танысу бойынша семинар өткізді.

2014 жылы колледж өкілдері Photomod–6 сандық фотограмметриялық жүйесін пайдалану және оны Қазақстан Республикасындағы топографо-геодезиялық өндірісіне енгізу бойынша Алматыда өткен республикалық семинарға қатысты.   

Колледж өкілдері келесідей іс-шараларға қатысты: 

  • Мәскеудегі  халықаралық көрмеге (Geoform 2013);
  • Новосібірдегі халықаралық көрмеге (Гео-Сібір 2014).

2016 жылы 3 оқытушы Астана қаласында “Қашықтан зондтау технологиясы (Жерді қашықтықтан зондтау ЖҚЗ) және нысандарды бақылау” тақырыбында  “GEOSCAN” (Ресей) компаниясы өткізген Халықаралық семинарға қатысты.   Серіктестермен ұсынылатын материалдар колледжде болашақ мамандарды заман талабына сай техникалық деңгейде дайындауға мүмкіндік береді.

 

 08 May 2018