State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Проведение летней учебной практики 2021

Жазғы оқу тәжірибесін өткізу

Жыл  сайын колледжде жазғы оқу тәжірибесі  өткізіледі, оның ұзақтығы әр курста:

2 курста  -14 апта

3 курста  – 4 апта

4 курста  – 7 апта

 

Геодезиялық және топографиялық оқу тәжірибесін жүргізу орындары

Семей қаласының колледжге іргелес аумағы

  1. Бозтаев көшесіндегі триангуляция желісі;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. “Футбол алаңы” триангуляция желісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әуезов даңғылындағы триангуляция желісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Шеңбер” триангуляция және полигонометрия желісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл полигондарда теодолиттік және нивелирлік жұмыстар, топографиялық түсірілімдер, астрономиялық – геодезиялық және триангуляциялық бақылаулар сияқты әртүрлі геодезиялық өлшеулер орындалады.

“Холодный Ключ” қала маңы полигоны

Осы полигонда студенттер 1:10 000 масштабында топографиялық түсіру үшін аэротүсірілімдерді жоспарлы – биіктік дайындауды орындайды

Барлық учаскелер алдыңғы тәжірибелер кезеңіндегі өз күшімен құрылған геодезиялық желілермен қамтамасыз етілген. Колледждің геодезиялық негізінің тығыздығы мен дәлдігі геодезиялық, топографиялық және инженерлік – геодезиялық жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, барлық учаскелер аэрофототүсірілім материалдарымен және аэрофотогеодезиялық және картографиялық процестерді орындауға мүмкіндік беретін ғарыштық түсіру материалдарымен қамтамасыз етілген.

 

Камералдық тәжірибенің барлық түрлері қажетті құралдармен, материалдық – техникалық, оқу – әдістемелік және бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етілген.

 

Оқу тәжірибесін өткізу тәртібі:

  1. Бригадалар мен отрядтар құрылды;
  2. Жасақ жетекшілері тағайындалды;
  3. Тәжірибе жетекшілері арасында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша емтихан өткізілді;
  4. Отрядтарда еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді.
  5. Отрядтар арасында жұмыс учаскелері бөлінді;
  6. Жалпы жиналыс өткізіліп, оқушыларға бірыңғай талаптар жеткізілді;
  7. Барлық басшыларға тәжірибе түрлерін өткізу бойынша жұмыс бағдарламалары, техникалық нұсқамалар және әдістемелік нұсқаулар берілді.

 

Оқу тәжірибесі техникалық және әдістемелік жағынан толық қамтамасыз етілді. Күн сайын ұйымдастыру, техникалық және әдістемелік мәселелер шешілетін жедел кеңестер өткізілді.

 

 13 July 2021