Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Қазақстандық патриотизм мен азаматтығына тәрбиелеу, құқықтық тәрбие білім беру

«Мемлекеттік рәміздер – ел негізі»

Геодезия және картография  жоғары колледжінің  кітапханашылары Касымова Сания, Сулейменова Фарида 4 маусым – Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ел негізі» атты  виртуалды көрме ұйымдастырды.

Мақсаты:  Қазақстан Республикасының  Мемлекттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне шолу жасау.

Студенттерді Отансүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге,  құрметтеуге тәрбиелеу.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Қазақстан Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты ел!

Video Player

00:00
01:52
4 маусым 2021

1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

«Геодезия және картография колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күнін облыс әкімі Д.К.Ахметовтың онлайн режимде құттықтауын тыңдаумен бастады. Кейін жылдағы дәстүрге сай әр топ түрлі форматта «Көшбасшы сабағын» өткізді. Мәселен, «Елін танытқан – Елбасы», «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары», “Уроки лидерства” тақырыптарында топ сағаттары өтсе, енді бір топтар дөңгелек үстел ұйымдастырып, қонақ шақырды. 303 ТА тобы өз тәрбие сағаттарына «Достық үйінің» «Свитанок» украин қоғамының хатшысы, әдіскер-педагог Михайлуца Алла Васильевнаны шақырса, 203 ТА тобы өткен оқу жылдарының түлектерін шақырып, ой бөлісіп, пікір алмасты. Енді бір топтар «Көшбасшы жолы» бейнеролигін көріп, Елбасының Қазақ елін дамыту, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылу жолында бағындырған шыңдары мен жеткен жетістіктері туралы мағлұмат алды.

 

                                                                                                                                  03 желтоқсан 2019


Азаматтық-патриоттық тәрбие – колледждегі тәрбие жұмысының негізгі бағыты. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақтың әлеуметтік маңызды құндылықтарының қалыптасуына ықпал ететін азаматтық-патриоттық саналарын қалыптастыру, өз елі үшін мақтаныш сезімін дамыту,  келер ұрпақты әлеумет ретінде қалыптастыру, азаматтық патриоттық сезімін ояту.

Студенттердің азаматтық позициясын қалыптастыру колледждің педагогикалық ұжымының өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Оқу үрдісінде жастарға патриоттық тәрбие беруге үлкен мүмкіндіктер бар, өйткені оқытылатын қоғамдық-саяси, жалпығылыми және арнайы пәндерде  патриоттық бағыттағы материал қамтылған.

Азаматтық  қасиеттерді қалыптастыруда сабақтан тыс жұмыстардың маңыздылығы зор.   Азаматтық-патриоттық тәрбие студенттердің саяси іс- шараларға қатысуымен  нығаяды: сайлау науқандары, митингтер, сенбіліктер.

Колледж студенттерінің дұрыс өмірлік көзқарастарын, өткен тарихы үшін мақтаныш сезімдерін және қазіргі дәуірді дұрыс бағалай білуді қалыптастыру – осының бәрін жүзеге асыру келесідей жұмыс түрлерімен жүзеге асырылады:

  1. Сыныптан тыс іс-шаралар.
  2. Сабақта студенттермен жұмыс жүргізу.
  3. Колледжішілік «Визир» жастар ұйымының, «Нұр Отан» партиясының жастар қанатының жұмысы және Семей қаласының ішкі істер саясаты «Жастар орталығы» КМҰ жұмыстары.
  4. Мемлекетіміздің атаулы күндеріне қатысты шерулер, митингтер мен форумдарға қатысу.
  5. Қала әкімшілігі, Достық үйі, Облыстық Білім басқармасы мен ТжКБ орталығының іс-шараларына қатысу.

2016-2017 оқу жылы азаматтық, отаншылдық-патриоттық тәрбие бағытына ерекше назар аударылды.  Бұл бағытта ұйымдастырылған іс-шаралар:

-Курстар бойынша топ сағаттары: «Во имя тех священных дней»; облыстық семинарда ашық топ сағаты «Скажем «нет» коррупции!», 403 топ, топ жетекшісі Федорук Е.К.; «Права гражданина республики Казахстан» – 301 топ, жетекшісі Абдрашитова О.Л.; «Мы – разные, мы – равные», «План нации – 100 конкретных шагов», «Символы Казахстана», облыстық семинарда ашық сынып сағаты «Что такое коррупция?» – 302 топ, Хакимова А.М.; «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» – 304 топ., жетекшісі Мадиянова Э.М.; «Моя Родина – Казахстан. Помним о героях ВОВ», «Письмо самому себе»  – 303 топ, жетекшісі Бексултанова З.Б.; облыстық семинарда дөңгелек үстел «Заңды білу – заман талабы», 2 курс студенттері, топ жетекшісі Ердешева А.К.

– Кітапхана меңгерушісі Шуршутбаева Л.К. әңгіме, сабақтан тыс іс-шаралар өткізді:

Азаматтық-отаншылдық, құқықтық және мәдени тәрбие бағыты бойынша:

«Пламенный патриот (о К. Рыскулбекове)» – 202 топ, «Әлем – XXI ғасыр» – 205 топ.

Зияткерлік викторина: «Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы» – 207 топ;

«Мәңгілік ел» аясында дөңгелек үстел: «Президент Назарбаевтың манифесті» – 206 топ.

 

 11 June 2018