State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

«Бақыт жанымызда» атты психология апталығы

«Бақыт жанымызда» атты психология апталығы

2021 жылдың 15-19 наурыз аралығында геодезия және картография жоғары колледжінде психология апталығы өтті.

Апталық барысында «Психология – таңғажайып ғылым!» галереясы, «Бұл қызық» қабырға газеті, «Менің тобым» фотокөрмесі мен «Өзіңмен және өзгелермен қалай үйлесімді өмір сүруге болады?» тақырыбында жатақхана тұрғындарымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу және адамдармен өзара әрекеттесуге бейімдеу.

18 наурызда 104 ТК және 106 ТА студенттерімен «Ой мен ойын» зияткерлік-танымдық сайыс өтті. Зияткерлік ойын қатысушылардың зеректілігін, эрудициясын ояту және соны қолдануға негізделді. Мақсаты: Студенттердің сөздік қорын дамыту, белгілі бір тілде өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Білімге деген құштарлығыңызды бақылау, біліміңізді одан әрі нығайту. Әр бөлім бойынша ойлауды дамыту, жүйелі түрде сөйлеуге және оқуға деген қызығушылықтарын ояту. Өз бетімен қорытынды жасауға машықтандыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

 

 25 March 2021