State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

«Кім жылдам, әрі дәлірек?!»

Геодезия және картография жоғары колледжінде 02.04.2021 ж. басталған «Картография» апталығының оффлайн форматтағы байқауы «Кім жылдам, әрі дәлірек?!».

Байқауды арнайы пәндер оқытушылары Тұрғазы Ж.Ж. және Алдабергенова И.А. өткізді. Аталған байқау  колледжіміздің қазақ және орыс оқу тілдеріндегі 1 курс студенттеріне арналды.

Байқау шарты бойынша қатысушылар  горизонталь бұрышты Т-30 және 2Т-30 теодолиттері көмегімен өлшеп, горизонтальді бұрыштарды өлшеу кезіндегі журналды өңдеу керек болды. Байқау аспаппен жұмыс жасауда білім мен дағдыны анықтауға бағытталған.

Байқау барысында студенттер аспап сенімді қолданды, бір-біріне бәсекелестік танытып, процесске белсенді қатысты.

Конкурс нәтижелері 05.04.2021 ж колледжіміздің инстаграмм парақшасында тікеле эфирде жарияланады!

 

 

 

 

 03 April 2021