State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

«Ұлылар үндестігі»

2019 жылғы 27 ақпан

Абай – қазақ жерінің рухани шамшырағы. Бүгін шығармалары дүниежүзілік игілікке айналған, барша адамзат рухани сусындап, нәр алып жатқан мәңгілік мұра туралы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ халқының киесі, ары мен намысы, ақылы мен жүрегі ұлы Абайдың аруағына басымды идім» деуі, рух кемеңгеріне асқан сүйіспеншіліктің шынайы да, жарқын белгісі емес пе!?

Бұл салиқалы тұжырымның ұлтын, ел тарихын сүйген әр азаматқа үлкен жауапкершілік жүктейтіндігіне ешқандай күмән болмаса керек.

Бүгін Республикамызға мәлім болған «Абай Құнанбаев» қоғамдық қоры басқармасы ұлы ақынның алдағы мерейтойларына байланысты, Абай туралы геодезия және картография колледжі студенттеріне «Ұлылар үні» атты лекция-концертін өткізді. Іс-шараның негізгі тақырыбы: Ұлы Абай мен оның шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлы жайында.

Аталған шара Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері»  бөлімін насихаттау, көпшіліктің санасына тарихи үрдістерді сіңіру, өз елімізден шыққан тарихи ұлы тұлғаларды жадымызда сақтау және оларды жас ұрпаққа жеткізуді көздейді.

Биылғы, 2019 жыл Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Жастар жылы» болып жарияланғаны белгілі. Осы тұрғыда лекция-концерт жастарымыз ұлылар үнін тыңдап, ғибрат алсын деген мақсатында ұйымдастырылды.

 27 February 2019