Мәні зор кездесу
Колледж студенттері қаламыздың Ішкі саясат бөлімі мамандарымен кездесті. Кездесу барысында мамандар діни экстремизм мен терроризмнен сақтану жолдарын түсіндіріп, студенттерге рухани-мәдени және адамгершілік тәрбие берудегі салт-дәстүрдің рөлін айтты. Мамандар тарапынан теріс діни ағымдардың әрекеті туралы жан-жақты ақпарат беріліп, сұрақтарға жауап алынды.
Кездесудің басты мақсаты – студент жастардың діни сауаттылығының алдын алу. Кездесу студенттермен диалог түрінде өтті, тақырыпқа байланысты роликтер көрсетілді.