State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

«Сөз мерген» интеллектуалды онлайн сайыс

 

Геодезия және картография жоғары колледжі кітапханашыларының ұйымдастыруымен 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Сөз мерген» атты интеллектуалды онлайн сайыс өткізілді.

Мақсаты: Студенттердің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, еркін сөйлей білуге үйрету, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытуға бағыттау, тәуелсіз еліміздің ана тілін жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу.

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді ел бола алмайды, болуы да мүмкін емес. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, ең алдымен ана тіліміздің туын биік ұстап, оны дамытуға күш салып, өз ана тілімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек.

Интеллектуалды сайыста 302 топ студенттері өздерінің білімділігін, тапқырлығын, шешендігін сынға салып, өз өнерін көрсетіп, белсенділік танытты.

 

 14 December 2020