State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

” Мейірімділік пен Қайырымдылық -асыл қасиет” біріккен  сынып сағаты.

2021 жылдың 01 сәуірінде арнайы пәндер оқытушылары Ердешева А.К. және Бэрнст А.Б  ТА-105  топ студенттерімен ” Мейірімділік пен Қайырымдылық -асыл қасиет” біріккен  сынып сағатын өткізді.

 

 

Сынып сағатының мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды  адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Іс-шара Картография циклдік комиссиясының апталығында өткізілді. Сынып сағатына   тәжірибелі оқытушылар Садвакасова А.О, Ксупова А.А., Төлубек И.Т. қатысты.  ТК- 104,ТА-106 топ студенттері қонақ ретінде шақырылды.

Оқушыларға тақырыпқа сай толық мәлімет берілді. Ата-ананың қадірін, балаға деген қамқорлығын оқушыларға терең түсіндіре отырып, оларды құрметтеуге, мақтаныш етуге тәрбиелеу мақсатында слайдпен де, түрлі суреттермен де қоса ақпарат берілді. Сынып сағатының барысында оқушыларға слайд арқылы жағдаяттар беріледі, соларға жауап береді, Ернұрқызы А Жетім қыз  монологын керемет әсерлі оқыды. Шара тақырыбына орай мейірімділікке жетелейтін, ақыл,қайрат, білімділік қасиеттері жайлы Абай атамыздың 17 қара сөзің Бақытов М сомдап шықты

Оқушылар ерекше атсалысып, өз ойларын да ортаға салып, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болды. Тәрбие сағаты өз дәрежесінде өткізілді.

 01 April 2021