State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

«1 Мамыр – Бірлік күні»

Геодезия және картография  жоғары колледжінің  кітапхана меңгерушісі Касымова Сания Турсуновна 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі қарсаңында «1 Мамыр – Бірлік күні » атты  виртуалды көрме ұйымдастырды.

Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым–қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Қазақ елі – ұлттар достығының алтын  бесігі. Қазақстан барлық ұлт өкілдеріне  ортақ Отан болып тұр.  Біздің колледжімізде де әр түрлі ұлт өкілдері білім алуда, олар  бір- бірімен  өте тату. Діні, тілі басқа болғанымен тілегі  бір. Баршасы  бір тудың астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы–ырысы, байлығы–берекесі болып, татулығы жарасқан  елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялататындығы  бізді де қуантады.

 04 May 2021