State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Техник-геодезист

4S07310201– “техник – геодезист” біліктілігі

Халық шаруашылығының түрлі салаларында кең тараған мамандық түрі болып табылады.  Құрылыс кезеңінде геодезистер түрлі әдістермен және жоғары дәлдіктегі  аспаптармен негізгі колонналарды, кран асты жолдарын монтаждауды қамтамасыз етеді. Құрылысты аяқтау кезеңінде техник- геодезистер салынған ғимараттар мен құрылыстардың  жай-күйіне  бақылау жүргізеді. Геодезисттің қатысуынсыз бірде-бір құрылыс жүргізілмейді.

Техник-геодезист дайындалады:

  • зерттеу, жобалау, құрылыс және инженерлік құрылымдарды пайдалану кезінде инженерлік-геодезиялық жұмыстар кешенін орындау бойынша кәсіптік қызметке;
  • елді мекен кадастрын геодезиялық қамтамасыз етуге;
  • түрлі ұйымдық-құқықтық нысандар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының инженерлік-геодезиялық бейіндегі кәсіпорындарында геодезиялық жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз етуге;
  • елді мемлекеттік картографиялау кезінде геодезиялық және топографиялық жұмыстарды орындау үшін;
  • геологиялық барлау жұмыстарына;
  • әскерді топографо-геодезиялық қамтамасыз ету үшін.

4S07310201 – “техник – геодезист” орта білікті мамандары кәсіптік қызметтің  келесі   түрлерін орындай алады:

  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • тәжірибелік-эксперименттік.

Өндірістік-технологиялық

  • түрлі инженерлік-геодезиялық жұмыстар үшін геодезиялық негіздер құру;
  • құрылыс жобасын геодезиялық дайындауды орындау және оны жүзеге асыру; 

  • құрылымдарды пайдалану кезінде геодезиялық бақылау  жүргізу;
  • қолданыстағы  нормативтік құжаттар талабына сай далалық және камералдық инженерлік- геодезиялық жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • аспаптар мен қондырғыларды тиімді пайдалануды бақылау;
  • аспаптардың техникалық жағдайына кезеңдік тексеру жүргізу және оларды жұмысқа жарамды қалыпқа келтіру туралы шешім қабылдау.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық

  • орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру;
  • өндірістік жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру;
  • өндірістік учаскелерде қауіпсіздік техникасымен қамтамасыз ету.

Тәжірибелік-эксперименттік

  • заманауи жабдықтар, аспаптар мен техникалық құралдарды пайдалана отырып, инженерлік-геодезиялық жұмыстарды орындаудың  жаңа технологияларын меңгеру.

 

 08 May 2018