«Мемлекеттік рәміздер – ел негізі»
Геодезия және картография жоғары колледжінің кітапханашылары Касымова Сания, Сулейменова Фарида 4 маусым – Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ел негізі» атты виртуалды көрме ұйымдастырды.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне шолу жасау.
Студенттерді Отансүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Қазақстан Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты ел!