Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

«Мемлекеттік рәміздер – ел негізі»

Геодезия және картография  жоғары колледжінің  кітапханашылары Касымова Сания, Сулейменова Фарида 4 маусым – Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ел негізі» атты  виртуалды көрме ұйымдастырды.

Мақсаты:  Қазақстан Республикасының  Мемлекттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне шолу жасау.

Студенттерді Отансүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге,  құрметтеуге тәрбиелеу.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Қазақстан Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты ел!

 04 June 2021