«Психикалық денсаулық» тақырыбында дәріс-әңгіме
2020 жылдың 19 қарашасында геодезия және картография жоғары колледжінде «Психикалық денсаулық» тақырыбында екінші курс студенттеріне арналған дәріс-әңгіме өткізілді.
Студенттерге келесі маман сөз сөйледі: педагог-психолог Әсетова Б.Ж.
Психикалық денсаулық – бұл адамның өз қабілеттерін сезінетін, күнделікті өмірдің күйзелісіне төтеп бере алатын, нәтижелі болып, өз қоғамына өз үлесін қосатын әл-ауқаты.
Әңгіме соңында студенттер өздерін қызықтырған барлық тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды.