State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мәдени-эстетикалық тәрбие бағытына да көп көңіл бөлінеді.

Оқу жылы барысында студенттер мен колледждің педагогикалық ұжымы экскурсияларға, театрға, мұражайларға, көрмелерге, конференцияларға, марафондар, концерт залдары мен Семей қаласының орталық алаңына барып тұрды. Колледжде 20 пәндік үйірме мен 6 спорттық секция жұмыс істейді.

2014 – 2015 оқу жылында  колледждің 6 студенті әр түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып,  мадақтамалармен, дипломдармен марапатталды.

2015-2016 оқу жылында 1 студент ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2016-2017 оқу жылында 7 студент мадақтамалармен және дипломдармен марапатталды.

Студенттердің көркем қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін, эстетикалық мәдениетін  дамытуға ықпал ететін  эстетикалық-мәдени тәрбие беру және өз халқы мен Қазақстандағы басқа да халықтарға деген жалпы адамгершілік құндылықтарын саналы қалыптастыру мақсатында да іс-шаралар ұйымдастырылады.

Колледж жыл сайын мерейтойлық мерекелер мен мемлекеттік мерекелерге дайындалады.

Этникалық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар «Наурыз», «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекелерін ұйымдастыру арқылы, сонымен қатар «Қазақ мәдениетінің әлемі», «Жануарлар таңбасы» сияқты топ сағаттарында, этнокөрмелер мен өлкетану мұражайларына барумен де жүзеге асырылып жатады.

Қалалық  «Наурыз» мерекесі                                    Қазақстан халқының бірлігі күні

 

 11 June 2018