State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Рухани-адамгершілік тәрбие

«Студент қатарына қабылдау» кеші

   

 

Геодезия және картография колледжінің  қалыптасқан дәстүрлері бар. Ең жарқын және есте қаларлық оқиғалардың бірі – мереке ретінде өтіп, жастар өмірінде жаңа белес ашатын «Студенттер қатарына қабылдау» кеші.

Ағымдағы оқу жылының 22 қарашасында колледждің акт залында жаңадан қабылданған студенттерге арналған кеш өтті, онда студенттер өздерінің шығармашылық деңгейлерін көрсетті. «Визир» жастар орталығының белсенділері Жүнүсов Мақсат, Тоқанова Орынгүл, Серік Камила және Әуезов Диастың тамаша эпитеттерімен бір-біріне ұқсамайтын концерттік нөмірлер бір-бірін алмастырып отырды.

Осы мерекеде есте қаларлық сәттер де болды: жоғарғы курс студенттері дәстүр бойынша жаңа қабылданған студенттерді құттықтап, торт түріндегі тәтті сыйлықтарын тарту етті.

Директордың ТЖЖ орынбасары М.К.Омарова да құттықтау сөз сөйледі. Ол таңдаған мамандықтары туралы, оқу орнының дәстүрлері туралы айтты. Студент қатарына қабылданғандарға үлкен бір отбасының белсенді мүшесі болып, үмітті ақтауларын және де осы толық құраммен түлектер кешіне жетуді тіледі.

 26 қараша 2019


Сыңғырла, соңғы қоңырау!

2 курс студенттері түлектерді құттықтайды

 

 

 

 

 

 

 

 

2019 жылдың 12 маусымында Геодезия және картография колледжінде қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы колледждің мерекесі, студенттерді үлкен өмір жолына шығарып салатын «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты шара өтілді. Шара барысында, 4 курс студенттері колледждің әкімшілігіне және оқытушыларына алғыстарын білдірді. 2 курс студенттері колледж қабырғасынан аттанғалы тұрған  түлектерге ізгі ниеттерін білдірді. Сөз кезегінде әкімшілік пен оқытушылар қауымы студенттеріне алдағы мемлекеттік емтихандарын жақсы тапсыруға, колледжіміздің  мақтанышы болуға сәттілік пен ақ жол тіледі!

 

13 маусым 2019 

Қайырымдылық – адамгершілік белгісі

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты ұранмен Геодезия және картография колледжі студенттері қайырымдылық акциясын өткізуді жалғастыруда. Акция аясында аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсетіп, №8 балалар үйінің тәрбиеленушілерін «Әлем» кинотеатрына апарып, бір сәт көңіл-күйлерін көтерді. Қалалық сенбілікпен ұштастыра отырып, №8 балалар үйі лагерьінің алаңын тазартуға қолғабыс жасады. Алдағы уақытта, колледжімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз…

   

«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы

   

 

«Геодезия және картография колледжі» КМҚК студенттері қатарынан еріктілер «Жастар жылы» аясында №8 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қамқорлық акциясын ұйымдастырды.

Акция мақсаты: Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өз қамқорлықтары мен әлеуметтік көмек көрсету.

Еріктілер балалар үйінің тәрбиеленушілерін «Әлем» кинотеатрына апарып, бір сәт көңіл-күйлерін көтерді, тамаша сәт сыйлады. «Жастар жылы» аясында мұндай акциялар әлі де өз жалғасын табады.

04 ақпан 2019 жыл


«Жүректен жүрекке» қамқорлық акциясы

«Геодезия және картография колледжі» КМҚК студенттері қатарынан еріктілер «Жастар жылы» аясында көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға «Жүректен жүрекке» қамқорлық акциясын ұйымдастырды. Акция мақсаты: Көп балалы аналар, аз қамтылған отбасыларға өз көмектерін беру, қамқорлық көрсету, жанашырлық сезімдерін ояту, патриоттыққа тәрбиелеу.

Еріктілер мешітті паналап отырған көп балалы отбасын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті. «Жастар жылы» аясында мұндай акциялар әлі де өз жалғасын табады.

 11 ақпан 2019


Жаңа жылыңызбен!

Әлем елдерінің асыға күтіп тойлайтын ең қызықты мейрамдарының бірі – «Жаңа жыл» мерекесі. Өткен жылғы болған барлық оқиғаларға салауат айтып, баршамыздың жаңа жылдан жақсылық күтетініміз жасырын емес.

Сондықтан 28 желтоқсан күні колледжде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты студенттерге арналған мерекелік шара өткізілді. Осыған орай, әрбір топ белсенділері бірігіп, биыл да  мерекелік концерт ұйымдастырды,

Оқытушылар мен студенттерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Жаңа жыл Сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Жаңа жылда ырыстарыңыз көп болып, табыстан – табысқа жете беріңіздер!

 

 10 қаңтар 2019


Студент қатарына қабылдау

“Геодезия және картография колледжі” КМҚК-де көптен күткен оқиға – Студенттік қатарға қосылу мерекесі аталып өтілді. Бұл әрбір студенттің өмірінде ең жарқын және ұмытылмас кезеңнің басталуы, жыл сайынғы дәстүрлі оқиға еді.

Бір айдың ішінде екінші курс студенттері оқу үрдісінің ерекшеліктерімен танысып, сондай-ақ студенттік өмірге бейімделді. Бұл колледждің жарқын дәстүрлерінің бірі.

2018 жылдың 2 қарашасында екінші курс студенттері колледждің толықтай мүшесі қатарына қосылды. Енді олар жолдарында кездесетін қиындықтарды жеңе алатын ұжымға қосылып, достар тауып және сабаққа жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік алды.

Осы күні мерекелік концертке студенттер, ұстаздар мен қонақтар акт залға жиналды. Алғашқы құттықтау сөзін директордың орынбасарлары алып, салтанатты түрде «білім кілті» мен студенттік билетті тапсырды. Студенттердің күш-жігерінің арқасында, студенттерді қабылдау кеші жоғары дәрежеде өтті.

  

 09 қараша 2018


Тәрбие жұмысының жоспарын жасаған кезде студенттердің жас ерекшеліктеріне, сабақтастыққа, жүйелілікке, жоспарланған істердің реттілігіне, шындыққа, әр түрлі нысандар мен әдістерге, шығармашылық сипатқа назар аударылады.

Жоспарлау барлық директор орынбасарларының, әдіскерлердің, циклдық комиссия төрайымдарының, топ жетекшілерінің, педагог-психологтың, студенттердің  ынтымақтастығына, бірлескен іс-қимылдың мақсаттары мен міндеттеріне және колледждің өмірін қызықты, пайдалы, шығармашыл етуге негізделеді.

Рухани-адамгершілік тәрбие көптеген тәсілдермен жүзеге асырылады: бұл студенттің күнделікті өмірі, оның еңбек  пен білім беру қызметі; көптеген классикалық және заманауи өнер туындыларымен, әлемдік шедеврлермен танысу. Бұл оқу үрдісінде де, студенттердің бос уақытында да орын алады.

Болашақ мамандарды тәрбиелеу және студенттердің жеке басын қалыптастыруда рухани-адамгершілік тәрбиеге ерекше назар аударылады, позитивті әдеттерге ие болуға, жағымды мінезді қалыптастыруға, бастамашыл және белсенді өмірлік ұстанымды дамытуға, шығармашылық дарындарын,  қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Жұмыстың бұл түрі рухани, моральдық, эстетикалық, көркем-эстетикалық тәрбиеден тұрады, ол колледжде келесідей іс-шараларды ұйымдастырып, өткізумен жүзеге асырылады:

  • «Студенттер қатарына қабылдау»;
  • жаңа жылға, 8 наурызға арналған байқаулар мен іс-шаралар;
  • топ жетекшісінің тақырыптық сағаты;
  • мұражайға, театрға, көрмеге бару;
  • КТК.

Колледждегі оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес оқу жылы барысында келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. Әр түрлі деңгейдегі шерулерге, митингілерге және форумдарға, сенбіліктерге, конференцияларға қатысу.
  2. Байқаулар, олимпиадалар, тақырыптық апталықтар.
  3. Салтанатты жиындар.
  4. Әдеби-музыкалық және поэтикалық кештер мен композициялар.
  5. Экскурсиялар.
  6. Театрға, мұражайларға, кинотеатрларға, көрмелерге бару.
  7. Пәндік үйірмелер жұмысы.
  8. Спорттық байқаулар мен жарыстар.
  9. Мұражай базасындағы ерлік сабақтары.

«Визир» жастар орталығының студенттері, топ жетекшілері, колледж әкімшілігі келесідей іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысты:

  1. Студент қатарына қабылдау кеші;
  2. «Мұғалімдер күні», «Қарттар күні» мерекесі;
  3. Қалалық сенбіліктерге белсенді қатысу;
  4. Мәңгілік алау басындағы митингтерге қатысу;
  5. Спорттық жарыстарға және іс-шараларға белсене қатысу;
  6. Қала шегіндегі барлық маңызды күндерді және мерекелерді атап өтуге қатысу (Наурыз, Достық фестивалі, Жеңіс күні және т.б.);
  7. «Нұр Отан» саяси партиясының қоғамдық жұмысына белсенді қатысу;
  8. Тәуелсіздік күніне Қайрат Рысқұловтың ескерткішіне және 31 мамырда қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күніне орай ескерткішке гүл шоқтарын қою.

Білім беру қызметін тиімдірек жүзеге асыру үшін қосымша жоспарлар жасалды:

  • емдеу және сауықтыру іс-шаралары;
  • спорттық-жаппай жұмыс;
  • Семей қаласының ЖІИ (ИДН) бірлесе жұмыс істеу жоспары, старостат кеңесінің жоспары;

кітапхана мен педагог-психологтың жоспары, ол өз кезегінде жоспарланған міндеттерді оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге көмектеседі

Барлық мерекелік даталарға салтанатты жиындар, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер, әр түрлі тақырыптағы топ сағаттары өткізіледі. Бұрынғы түлектермен тығыз қарым-қатынас жалғасын тауып тұрады, олар әр түрлі іс-шараларға, қорытынды емтихандарға қатысады.

2016-2017 оқу жылында «Шығысгеодезия» «Казгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны филиалының директоры,  «Геодезия және картография колледжі» КМҚК түлегі Б.А. Кизатовпен кездесу ұйымдастырылды.

Кітапхана мен қазақ тілі кабинетінде мемлекеттік рәміздерге арналған стенд безендірілген.

Колледждің дәліздері ғалымдардың ұлағатты сөздерімен, оқу тәжірибесі кезінде біздің студенттермен орындалған аймақтың карталарымен безендірілген.

Колледж кітапханасы бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жұмыс істейді.

Ай сайын атаулы күндерге қатысты стендтер, көрмелер безендіріп, мемлекеттік тілде сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырады, жас мамандарға материалдарды іріктеуге көмектеседі. Кітапханада 42 орындық оқу залы, сондай-ақ студенттердің жұмыс істеуіне қолайлы, ғаламтор желісіне қосылған компьютерлер де бар.


Ұстаздар күні

Атаулы мерекелердің ішінде  «Ұстаздар күні» қазан айында аталып өтіледі. Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі халықаралық мереке. Ұстаз – ұлағатты есім.

Сондықтан да біздің колледжде жыл сайын мерекеге  іс-шаралар өтіліп, осы күні оқытушылар ұжымнан, студенттерден құттықтаулар алады.  Осыған орай «Визир» Жастар орталығының белсенділері биыл да  мерекелік концерт ұйымдастырды.

 

 08 қазан 2018 жыл


«Сыңғырла, соңғы қоңырау»

13.06.2018 жылы “Геодезия және картография колледжі” КМҚК бітіруші түлектердің «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны өтті. Жиынды колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Балагутов Максим Сергеевич  құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар, колледж ұстаздары да жылы лебіздерін білдіріп, алдағы аралық және мемлекеттік аттестацияда сәттілік, ақ жол тіледі. 4 курс студенті Кенжалин Дархан бітіруші түлектерге арнап әннен шашу шашты.

 

 

 

 13 маусым 2018 жыл

 11 June 2018