Жатақхана – жанға жайлы тәтті үйің
15/03/2021
«Әділ ұрпақ – елдің болашағы»
2021 жылдың 15 наурызында жатақхана меңгерушісі Байжұманова Г. С. жатақхана студенттерімен « Әділ ұрпақ – елдің болашағы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды. Сыныптан тыс іс-шараны өткізу мақсаты: студенттерге рухани адамгершілік және азаматтық -патриоттық тәрбие беру. Олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау, студенттердің заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.
6/03/2021
Көктем! Мереке!
Көктеммен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келді. 8 Наурыз-көктемнің ең ғажайып, ең нәзік мерекесі! Бұл күн ерекше, ол күн сәулесімен, әйел жүзінің жарқырауымен, нәзіктікпен көмкеріледі.
Мереке қарсаңында жатақхана студенттері аарасында әйелдер күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.
6 наурызда жатақхана тәрбиешісі А. Т. Орынкаев жатақхана студенттерімен “Қыздарға әсемдік жарасады” тақырыбында сабақтан тыс тәрбие сағатын өткізді. Сабақтан тыс іс-шараны өткізу мақсаты: қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, сыпайылыққа, достық қарым-қатынасты қалыптастыруға, қыздарды сыйлауға, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру.
7 наурызда тәрбиеші К.М.Кылышов жатақхана тұрғындары арасында үстел теннисі ойынын ұйымдастырып, уақыттарын қызықты, әрі көңілді өткізуге ықпал етті.
1 / 03 /2021
«Алғыс айту – парызым!»
2021 жылдың 1 наурызы күні жатақхана тәрбиешісі Мухаметжанов Е.С. жатақхана студенттерімен “Алғыс айту – парызым” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты студенттер арасында сыйластық құндылықтарын кеңейту және студенттерге алғыс күні туралы мәліметтерді жеткізу болатын.
22 / 02 / 2021
«Мамандығым – мақтанышым»
2021 жылдың 22 ақпанында тәрбиеші А.Т. Орынкаев жатақхана студенттерімен «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды.
Сыныптан тыс іс-шараны өткізу мақсаты: студенттерге таңдаған мамандығының маңыздылығын түсінуге көмектесу. Кәсіпке деген сүйіспеншілікті, құрылыс қызметкерлерінің еңбегі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, қызығушылықты, бастаманы, ойлауды дамыту, мамандық туралы қосымша білім беру. Студенттердің логикалық ойлау және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал ету. Ұжымдық жұмыс және оң қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
Іс-шара барысында білім алушылар өздері таңдаған мамандықтары туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Омарова жас жеткіншектерге белсенділіктері үшін алғысын білдіріп, жастарға, яғни осындай талапты жастар барда ертеңгі тұрақты болашағына сенетіндігін айтып, жастарға рух берді.
В общежитии колледжа на 5 этаже проживают студенты, обучающиеся по социальной программе “Серпін-2050”. В
“Гедезия және картография колледжі” КМҚК 2-ші оқу-тұрмыстық ғимаратының 4, 5 қабаттары студенттерге арнайы жатақхана ретінде бейімделген.
5 қабатта “Серпін – 2050” әлеуметтік бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттер орналасқан. Барлығы 22 бөлме бар. Бөлмелерде студенттер 3-5 адамға дейін бөлме ауданына байланысты жайғастырылған.
Жатақханада барлық жағдай қарастырылған: душ, автомат кір жуу машинасы, тоқ плиткалары мен су ысытатын аристон орнатылған ас дайындайтын бөлмелер, ыдыс жуатын және жуынатын орындар, мұздатқыштар, кір жайғыш, үтік тақтасы, ғаламтор желісіне қосылған компьютер, принтер және ксерокс.
Жатақханада әр түрлі мерекелік іс – шаралар өткізіледі.
Халықаралық Денсаулық күніне орай жарыс
Тренинг Бейімделу кезеңі 2 курс студенттері арасында
Сыныптан тыс іс-шара: “Наурыз-думан”
Сыныптан тыс іс-шара: “Қыз өмірдің, қызғалдағы”
Сыныптан тыс іс-шара: “Қарғыс алма, алғыс ал!”
Мерекелік кеш: “Кел, танысайық!”
Әңгімелесу: “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері”
Дөңгелек үстел: “Татулық – достықтың киелі бесігі”
Бейне ролик: “Желтоқсан оқиғасы”
Баяндама: “Желтоқсан жетістіктері”
07 June 2018