Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Колледж кітапханасы

“Кітапхана – адам өмірін шуақтандыратын, мазмұнды да ашық етуге көмектесетін сәуле” 

Н.Ә. Назарбаев

 

АРТЫҚ ҒЫЛЫМ КІТАПТА

ВСЯ МУДРОСТЬ – В КНИГАХ

ALL  WISDOM IS IN BOOKS

  • Біздің кітапхана
  • Кітапханада өткізілген тәрбиелік іс-шаралар

23/02/2021

Кітапханалық сабақ : «Білім кілті – кітапхана»

Кітапханалық сабақтың мақсаты: 1. Кітапхана өмірімен, ережелерімен таныстыру. 2. Білім кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. 3. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.

Геодезия және картография колледжінің кітапханасында  бірінші курс студенттерімен  кітапхана қызметкері, «Білім кілті – кітапхана» атты таныстыру кітапханалық сабағын  өткізді. Сабақ барысында студенттер кітапхана тарихымен танысты. Колледж кітапханасының табалдырығын алғашқы рет аттап тұрған студенттерге оның оқу залдары мен Коверкинг орталығымен танысу өте маңызды. Сондықтан студенттерге өз мамандығы бойынша ашық кітап көрмерлеріндегі кітаптар, мерзімді басылымдар, көрсетіліп, абонемент және оқу залдары таныстырылды. Студенттер үшін  кітапхананың оқу залында интернет желісіне   қосылған ноутбуктермен пайдалану мүмкіндіктері қарастырылғаны айтылды. Кітапхана қызметкері студенттерге кітапхана  ережелерін түсіндірді. Алфавиттік, сала бойынша каталогтар және электронды  каталогпен  қалай жұмыс істеу керек, қажет ақпаратты қалай табу керек, электронды деректер қорын қалай қолдану керек екенін түсіндіріп айтып берді.

Біздің кітапхана

 Кітапхана қызметкері: 

 


Касымова Сания Турсуновна

Білімі:

«Абай атындағы Семей мәдени-ағарту училищесі»

Мамандығы: «Кітапхана ісі»

“М. Әуезов атындағы колледж” Семей қаласы

Мамандығы: “Бастауыш сынып мұғалімі”

«Орталық-Азия университеті» Алматы қаласы

Мамандығы: «Кітапхана ісі және библиография»

Атқаратын қызметі: кітапхана меңгерушісі

Еңбек өтілі: 37 жыл

«Колледж кітапханашыларының ақпараттық кәсіби деңгейін жетілдіру» атты облыстық семинарға қатысқаны үшін сертификат берілді.

«Оқу орнының кітапханасы: негізгі ережелер, ресурстар мен мүмкіндіктері» модулі бойынша біліктілікті арттыру курсына қатысқаны үшін табысталған сертификат.

Марапаттары:

ШҚО білім Басқармасы бастығының орынбасары Құрмет грамотасы

Білім беру  – әдістемелік орталығы «New Opportunities ЖШС»  Республикалық қашықтықтан өткізілген интернет байқауы «Шығармашыл кітапханашы – 2018» байқауында «Кітап – тарих, кітап – қазына» номинациясының  2 дәрежелі жүлдегері.

КМҚК Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде өткен «Ұлы дала композиторы» атты семинарға қатысқаны үшін алғыс хат.

«Инфоурок» жобасы атынан  онлайн – кітапханаға әдістемелік сценариилерге  қосқан  үлесі үшін алғыс берілді.

«Алғыс хат»,  Қазақстан Республикасы  білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтан, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін.


 

Сулейменова Фарида Еділбайқызы

Образование: Среднее специальное

«Педагогический колледж им. М. О. Ауэзова»

Специальность: «Библиотечное дело»

Занимаемая должность: библиотекарь

Стаж работы: 1  год

 

 


 

Біздің байланыстар

Мекен-жайы:

071410, Қазақстан Республикасы,

Шығыс Қазақстан облысы,

Семей қаласы, Заря көшесі, 42

Телефон:              8 (7222) 307142

E-mail:                  skgikbibl@mail.ru

 

Кітапхананың жұмыс кестесі:

Абонемент – 8.30. – 17.00

Оқу залы –   8.30. –  17.00

Түскі үзіліс – 12.30. – 13.00

Демалыс күндері – сенбі, жексенбі.

Санитарлық күн – айдың соңғы жұмасы.

 

Кітапхана  бөлімшелері:

• Абонемент жеке және ұжымдық  қызмет көрсету әдісі, кітапханадан тыс жерге алып пайдалану үшін құжаттардың берілуін қарастырады.

  • Оқу залы – арнайы жабдықталған ғимарат, оның шегіндегі құжаттармен пайдаланушыларға қызмет көрсетеді.
  • Кітап қоймасы – негізгі қордың  86,8 шаршы метр аумағын қамтиды және ол  ақпарат құралдарының қатты түрлерін, сондай-ақ басқа да басылымдарды тұрақты сақтауға арналған.

 

Кітапхананың материалдық-техникалық базасының сипаттамасы.

Кітапхананың жалпы алаңы: 206,8 шаршы метр

Барлық орын саны: 42.

Құрал-жабдықтар: стеллаждар, көрмелік құрал-жабдықтар, кафедралар, басқа да жиһаздар.

Техникалық жабдықтар:    Компьютерлер – 11, Принтерлер – 3.

Техникалық жабдықталуы: жергілікті желі, Интернет, Wi-Fi.

Электронды каталог: 2005 жылдан бастап жүргізілуде.

Жинақтау

Қорды жинақтау «Кітапхана қорын қалыптастыру туралы ереже» негізінде және «Кітапхананың  тақырыптық-типологиялық жоспары» негізінде жүзеге асырылады. Басылымдар мен құжаттар алдын-ала тапсырыс негізінде сатып алынады, жазбаша өтініштер бөлім меңгерушілерінен, оқытушылардан кітап жинақтау нормативтеріне сәйкес қабылданады.

Кітап қамтамасыздығы

Кітап қамтамасыздығы –  оқу процесінің белсенділігін бағалауда маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. ҚР Білім Министрлігінің бұйрығына сәйкес білім беру мекемесі, барлық білім беру бағдарламалары бойынша, барлық білім беру бағдарламалары бойынша,  негізгі білім беру әдебиеттерін сатып алуға міндетті, негізгі және оқу әдебиеттерде электрондық оқу басылымдары болуы керек. Сондықтан пәндердің қолжетімділігін бағалау кезінде дәстүрлі баспа және электрондық оқу басылымдары, сондай-ақ электронды ресурстарға қол жетімділік ескеріледі.

Кітапхананы кітаппен қамтамасыз ету жұмысының негізгі бағыттары

Пәндер мен мамандықтардың тізбесін саралау;

  • Кітап қамтамасыздығының электронды картотекасын енгізу (электронды каталогқа пәндер, мамандықтар және басқалар туралы ақпаратты енгізу)
  • «Мамандықтар бойынша кітаппен қамтамасыздандыру» әдебиеттер тізімін құру және редакциялау;
  • Пәндерді оқулықтармен қамтамасыз ету жөнінде оқытушылармен кеңес жүргізу;
  • Оқытушылардың өтініштері бойынша, кітаппен қамтамасыздандыру туралы  статистикалық деректерді ұсыну;
  • Оқытушылардың өтініштері бойынша, жаңа әдебиеттерге тапсырыс беру.

 

 Кітапхананың мерзімді басылымдары.

Кітапханада өткізілген тәрбиелік іс-шаралар:

2017 – 2018 учебный год

  1. 2018 Жолдау
  2. Әңгіме “Нашақорлық – тұңғиыққа апаратын жол”
  3. Көрме: “Арайлы, алтын күз!”
  4. Көрме: «Кемеңгер Елбасы»
  5. Сынып сағаты “Адамгершілік – рухани байлық”
  6. Сынып сағаты “Бабалар ерлігі – тәуелсіздік  тірегі”

2016 – 2017 учебный год

  1. Ақпарат «Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі”
  2. Дөңгелек үстел:”Қазақстан жастары –  тәуелсіздік толқынында”
  3. ӘҢГІМЕ: «Ж О Л Д А У – 2 0 1 7»
  4. Көрме: “Алаш”
  5. Көрме: “Қазақстанның үшінші жаһандық жаңғырығы”
  6. Семинар: «Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның алдын алу бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру”

2015 – 2016 учебный год

  1. Жолдау семинар: “Елбасы Жолдауы-болашақтың бағдары”
  2. Тәрбие сағаты: “Тәуелсіздік бабалардың арманы – ұрпақтардың шынайлығы”
  3. Тәрбие сағаты: “Алғашқы ұстаз”

2014 – 2015 учебный год

  1. Әнгіме “Нашақорлық-тұңғиық түбі”
  2. Семинар: “Кітапханалық өлкетану және патриоттық тәрбие – Библиотечное краеведение и патриотическое воспитание”
  3. Тәрбие сағаты “Өмір – теңіз”

2013 – 2014 учебный год

  1. Книжная выставка “Геодезия – наука первопроходцев”
  2. Тематический стелаж: “Казахстан: право, экономика, экология”
 07 June 2018