Тәуелсіздік мерекесіне орай жатақханада ұйымдастырылған іс-шаралар
ҚР тәуелсіздік күніне байланысты 15-17 желтоқсан аралығында колледжміздің жатақханасында студенттер арасында іс-шаралар өтті. Жатақхана тұрғындары «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты тәрбие сағаты мен волейбол, үстел теннисі, шахмат, қол күресі ойындарын ойнап, уақыттарын қызықты, әрі көңілді өткізе білді.