«Әмиан жоғалттым: оны қайтару мүмкіндігі қай елде басым» жастар арасындағы челлендж және әлеуметтік зерттеу
Геодезия және картография жоғары колледжінің 1 курс белсенділері 2021 жылдың 12 қаңтары күні челлендж және әлеуметтік зерттеу өткізді. Әлеуметтік зерттеу барысында әмиянмен тәжірибе ұйымдастырылды. Халықтың көпшілігі бөтен затты көпшілік ортасында қайтарып беретіндігіне көз жеткіздік. Бұны ұйымдастырудағы мақсатымыз, өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.