«Аналар үйі»
18.02.2019 жылы геодезия және картография колледж студенттері «Аналар үйі» үйлестірушісі А.Г. Нуртазинамен кездесті. Кездесу барысында әрбір ата-ананың өз перзенті әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайтындығы түсіндірілді.
Ата-ананың негізі – баланы өмірге келтіру ғана емес, мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірибесін бойына сіңірту, қоршаған ортаға, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу.