Денсаулық күні
Колледжде ең пайдалы және көңілді іс-шаралардың бірі – Денсаулық күні өтті. Денсаулық күні – бұл көңілді мереке, көтеріңкі көңіл-күй. Колледж ұжымы спортпен шұғылдану үшін бұл күнді асыға күтеді.
2020 жылдың 17 қаңтарында «Геодезия және картография жоғары колледжі» КМКҚ қызметкерлері жылдағы дәстүр бойынша «Денсаулық күнін» ұйымдастырды. Қызметкерлер шаңғы теуіп, командаға бөлініп мини футбол ойнады.