State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

«Зиянды әдеттерден аулақ болайық»

Геодезия және картография жоғары колледжінің  кітапханашылары Касымова Сания Турсуновна, Сүлейменова Фарида Еділбайқызы 106 ТА топ студенттерімен және  топ жетекшісі Төлеубек Индира Төлеубекқызының   қатысуымен  «Зиянды әдеттерден аулақ болайық» атты  тәрбиелік іс- шара өткізді.

Көрнекілігі: «Денсаулық сақтаймыз – өзімізді баптаймыз» кітап көрмесі, «Нашақорлық тұңғиыққа апаратын жол», «Темекі, ішімдік, есірткінің зардаптары» буклеттер, «Зиянды әдеттерден аулақ болайық» презентация.

Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.

Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің  бірі – адамның денсаулығы.  Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға экологиялық  жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды  әдеттер болып табылады. Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емес пе!? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші… Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт – наша, темекі, арақ.

 

 27 April 2021