State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Жерге орналастыру

СЫРТТАЙ БӨЛІМ

1511000 “Жерге орналастыру” мамандығы  1511033 “Техник” біліктілігі бойынша сырттай оқу нысанына қабылдау оқу орнының 2019 жылғы 1 тамыздағы №01-03/68 хатына және 2019 жылғы 1 тамыздағы № 02-02/26 бұйрығына сәйкес 2019 – 2020 оқу жылынан бастап  тоқтатылды.

Мамандық: 1511000 “Жерге орналастыру”

Біліктілік – 1511033 “Техник”

Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай.

2017-2018 жылына оқудың төлем ақысы – 155 000 теңге

“Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы” мемлекеттік мекемесінің 2013 жылдың 09 шілдесіндегі  №201 бұйрығымен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті колледжінің жабылуына байланысты  1511000 «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша сырттай оқыту бөлімінің білім алушылары өзге білім беру ұйымдарына ауыстыру кестесі бойынша Геодезия және картография колледжіне ауыстырылды. №221 лицензиясы 2013 жылдың 13 қыркүйегінен.

Бұл мамандық біздің республикамыздың жер реформаларының жаңа толқынында жоғары сұранысқа ие. «Жерге орналастыру» мамандығы «Геодезия және картография», «Жер кадастры», «Экономика», «Менеджмент және маркетинг» мамандықтарымен тығыз байланысты.

Жерге орналастыру бойынша техник оқыту үрдісінде білім алады:
1) экономиканың негіздері, өндірісті ұйымдастыру және басқару;
2) геодезия негіздері, жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық түгендеу, жерге орналастыру, аумақтық жоспарлау, қала құрылысы, орманды түгендеу;
3) кадастрлық қызмет саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, әдістемелік құжаттар, жылжымайтын мүлік кадастры, жерге орналастыру, қала құрылысы;

4) кадастрлық жұмыстың технологиясы мен ұйымдастырылуы;
5) еңбекті қорғау туралы заңнамалар;
6) сапа менеджменті жүйесінің негіздері;
7) сапаны басқару негіздері және т.б.

Оқу соңында бітіруші келесі дағдылар мен қабілеттерге ие болуы керек:

1) өз қызметін ұтымды ұйымдастыру;
2) дала жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
3) геодезиялық өлшем нәтижелерін камералдық өңдеуді ұйымдастыру және орындау;

4) құжаттарды заңнама талаптарына сәйкес сақтауды ұйымдастыру;
5) құжаттаманы әзiрлеу және рәсімдеу;
6) жерге орналастыру, қала құрылысы, құқық белгілейтін, құқықты куәландыратын  құжаттарды талдау;
7) қазіргі замануи есептеу техника құралдарын, коммуникация және байланыс құралдарын, бағдарламалық қамтамасыз ету мен геодезиялық жабдықтарды пайдалану.

Сырттай оқыту бөліміне түсетіндер келесі құжаттармен танысуы қажет. 

 

Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша сырттайғы оқу бөлімінің студенттеріне жадынама

Сабақ кестесі

Емтихан сессиясының кестесі

Оқу үдерісінің кестесі

 02 May 2018