Техник – картограф
4S07310203 – “техник – картограф” біліктілігі
Карта құрастыру – күрделі үрдіс, оны меңгеру осы біліктілікте жүзеге асырылады.
Карталар ғылым мен адамзат мәдениетінің ең үлкен жетістіктерінің бірі.
Онсыз қалаларды, жолдарды, суару және дренаждық жүйелерді, елдің шаруашылық дамуын жоспарлау мүмкін емес.
Картасыз ғалымдар да, ұшқыштар да, теңізшілер де, зерттеушілер де, саяхатшылар да ештеңе істей алмайды.
Техник – картограф дайындалады:
- елді мемлекеттік картографиялау барысында геодезиялық, топографиялық және фотограмметриялық жұмыстарды орындау үшін;
- геологиялық барлау жұмыстарында;
-
әр түрлі типтегі инженерлік құрылыстарды салу және пайдалану кезінде геодезиялық, топографиялық және фотограмметриялық жұмыстарды геологиялық барлауға,
- әртүрлі тұрпатты инженерлік ғимараттарды зерттеуде, құрастыруда және пайдалануда топографиялық және фотограмметриялық жұмыстарды орындау үшін;
- әскерлерді картографиялық қамтамасыз ету үшін.
Экономиканың нақты секторларына байланысты
Экономика салаларының ерекшелігіне және жұмыс берушілердің орта деңгейдегі 4S07310203 “техник – картограф” біліктілігі мамандарын даярлауға тапсырысына байланысты картографтар келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- өндірістік-технологиялық;
- өндірістік-басқарушылық;
- тәжірибелік-эксперименттік.
Өндірістік – технологиялық
-
Карталарды басылымға және оларды пайдалануға дайындау, өңдеу, құрастыру мен безендіру саласындағы жұмыстарды орындау;
- кешендік және тақырыптық картографиялау әдістерін әзірлеу;
- математикалық картографиялау міндеттерін тәжірибелік шешу;
- цифрлық картографиялық өнімдерді жасау саласында жұмыстарды жүзеге асыру;
- географиялық атауларды жазудың бірыңғайлығын орнату бойынша жұмыстарға қатысу;
- картографиялық дереккөздер туралы әртүрлі сұраныстарды қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған ақпараттық іздестіру жүйелерін ашу үшін жұмыстарды жүзеге асыру.
Өндірістік – басқарушылық
- орындаушылар жұмысын ұйымдастыру;
- өндірістік жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру;
- орындалатын жұмыстар сапасын бақылауды жүзеге асыру, өндірістік учаскелерде қауіпсіздік техникасымен қамтамасыз ету.
-
өндірістік қызметтің экономикалық тиімділігін бағалауға қатысу.
Тәжірибелік-эксперименттік
-
Қазіргі заманғы жабдықтармен, құралдармен және техникалық құралдармен картографиялық жұмыстарды орындау үшін жаңа технологияларды меңгеру.