Техник – аэрофотогеодезист
4S07310202 “Техник – аэрофотогеодезист” біліктілігі
Топографиялық – геодезиялық жұмыстарды аэрофототүсіру және ғарыштық түсіру материалдары бойынша мемлекеттік картографиялау жұмыстарын орындау үшін техник – аэрофотогеодезисттерді дайындайды.
4S07310202 Техник – аэрофотогеодезист даярланады:
- аэрофототүсіру, ғарыштық түсірілім және фототеодолиттік түсірудің жер үсті тәсілдерінің материалдары бойынша елді мемлекеттік картографиялау кезінде фотограмметриялық және стереотопографиялық жұмыстарды орындау үшін;
- Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) материалдары бойынша Жердің табиғи ресурстарын зерттеу кезінде фотограмметриялық және стереотопографиялық жұмыстарды жүргізу үшін;
- Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) материалдары бойынша ірі инженерлік құрылыстарды жобалау кезінде фотограмметриялық және стереотопографиялық жұмыстарды жүргізу үшін;
- Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) және жер үсті фототеодолиттік түсірілім материалдары бойынша пайдалы қазбаларды зерттеу кезінде фотограмметриялық және стереотопографиялық жұмыстарды жүргізу үшін;
- геологиялық барлау жұмыстарына;
- әртүрлі таспалар арқылы әскерлерді фотографиялық және фотограмметриялық ақпараттармен жедел қамтамасыз ету үшін.
Орта деңгейлі білікті мамандар келесі қызмет түрлерін орындай алады:
• өндірістік-технологиялық;
• ұйымдастырушылық-басқарушылық;
• тәжірибелік эксперименталды.
Өндірістік-технологиялық
• аэро және ғарыштық түсіру материалдары бойынша фотограмметриялық жиілету геодезиялық негіздеу топографиялық түсіріліміне негізделеді ;
• фотограмметриялық негіздерін стереотопографиялық түсіру кезінде мемлекеттік картографияны зерттеу кезінде, Жердің табиғи ресурстарын жобалау және салу үшін инженерлік құрылыстар дайындалады ;
• стереотопографиялық түсіру кезінде мемлекеттік картографияны және ЖҚЗ материалдары бойынша топографиялық карталарды жаңарту ;
• фотограмметриялық өлшеу кезінде инженерлік құрылыстар процессін пайдалану арқылы деформациялау және жауын-шашынды бақылау;
• техникалық жай-аспаптарды кезеңдік тексеру, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы шешім қабылдау.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық
• орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру;
• өндірістік жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру;
• өндірістік учаскелерде қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету.
Тәжірибелік-эксперименттік
• фотограмметриялық және стереофотограмметриялық жұмыстарды орындау кезінде, қазіргі заманғы жабдықтар, аспаптар мен техникалық құралдарды пайдалана отырып жаңа технологияларды енгізу және игеру.
09 May 2018