State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Қазақстандық патриотизм мен азаматтығына тәрбиелеу, құқықтық тәрбие білім беру

4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

РӘМІЗДЕР КҮНІ!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай, мемлекет рәміздерін құрметтеуді насихаттау және еліміздің жастарын отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ел тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында Геодезия және картография жоғары колледжінде ұстаздар қауымының ұйымдастырумен, ҚР-ның Мемлекеттік әнұраны шырқалды.

 04 маусым 2021

РӘМІЗДЕР КҮНІ!

Қазақстан Республикасының рәміздер күні қарсаңында еліміздің рәміздерін насихаттап, ұлттық тәрбиені, патриоттық тәрбиені арттыру мақсатында қазақ тілі пән мұғалімі Қайпханова Мейірім Қайпханқызы Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» өлеңін мәнерлеп оқыды.

 04 маусым 2021

РӘМІЗДЕР КҮНІ!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне байланысты колледжде 1 курс студенттері арасында «Мен өз елімді сүйемін» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне деген сый – құрметін арттыра отырып, еліміздің ұлт нышандарын дәріптеу.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай шығармашылық бағытта 105 топ студенттері: Ернұрқызы Альмира, Түсіпқан Торғын, Тұрарбеков Талапкер өздерінің арнауларын оқыды. Сонымен қатар, студенттер арасында еліміздің Отан қорғайтын ұлтшыл азаматтарын тәрбиелеу мақсатында саптық жүріс өткізілді. Іс шараның өтілуіне колледждің 1 курс студенттері қатысты.

 04 маусым 2021

ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БАСТАУЫ!

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты жатақхана студенттеріне «Желтоқсан-тәуелсіздіктің бастауы» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты болды. Студентер белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Студенттердің туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

 

 17 желтоқсан 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ!

1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.

«Геодезия және картография жоғары колледжі» КМҚК жылдағы дәстүрді бұзбай, биыл да аталмыш мерекеге байланысты қашықтан тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастырды. Тәрбиелік іс-шаралар барысында келесі деректі фильмдер көрсетіліп, тәуелсіздік шежіресінен сыр шертілді, егемен елдің жеткен жетістіктері туралы түрлі мағлұматтар берілді:

Тәуелсіздіктің 7 қыры: Жаңғыру жолы

7 граней независимости: Час испытаний

7 граней независимости: Один народ, одна судьба

7 граней независимости: В единстве – сила

7 граней независимости: Линии жизни

7 граней независимости: Путь к процветанию

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні!

 

Геодезия және картография жоғары колледжі кітапханашыларының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Еңселі елдің Елбасы» атты онлайн тәрбиелік іс–шара 105 ТА топ студенттерімен өткізілді.

Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; студенттердің бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

Қазақ халқының тұңғыш президенті, елбасы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы Берікова Алтынай айтып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған презентациясын көрсетті.

Н.Ә.Назарбаев азат елдің Тұңғыш Президенті болған алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жете түсінген Елбасы экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау көрсетті. Бұл жайында Тұрарбеков Талапкер айтып өтті.

Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер-саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етті. Ол туралы Түсіпқан Торғын дайындаған шағын бейнеролик көрсетілді.

Әлеуметтік сала – халық тұрмысының индикаторы, мемлекет әлеуетінің көрсеткіші. Ел азаматтары тұрақты жұмыспен қамтылса, әр жоба бойынша нақты іс жүзеге асырылса, онда нәтиженің оң болғандығы. Бұл саладағы жеткен жетістіктер туралы Мұратұлы Еларыс мәлімдеді.

 

 01 желтоқсан 2020

«Мемлекеттік рәміздер – ел негізі»

Геодезия және картография  жоғары колледжінің  кітапханашылары Касымова Сания, Сулейменова Фарида 4 маусым – Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ел негізі» атты  виртуалды көрме ұйымдастырды.

Мақсаты:  Қазақстан Республикасының  Мемлекттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне шолу жасау.

Студенттерді Отансүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге,  құрметтеуге тәрбиелеу.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Қазақстан Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты ел!

 04 маусым 2021

Азаматтық-патриоттық тәрбие – колледждегі тәрбие жұмысының негізгі бағыты. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақтың әлеуметтік маңызды құндылықтарының қалыптасуына ықпал ететін азаматтық-патриоттық саналарын қалыптастыру, өз елі үшін мақтаныш сезімін дамыту,  келер ұрпақты әлеумет ретінде қалыптастыру, азаматтық патриоттық сезімін ояту.

Студенттердің азаматтық позициясын қалыптастыру колледждің педагогикалық ұжымының өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Оқу үрдісінде жастарға патриоттық тәрбие беруге үлкен мүмкіндіктер бар, өйткені оқытылатын қоғамдық-саяси, жалпығылыми және арнайы пәндерде  патриоттық бағыттағы материал қамтылған.

Азаматтық  қасиеттерді қалыптастыруда сабақтан тыс жұмыстардың маңыздылығы зор.   Азаматтық-патриоттық тәрбие студенттердің саяси іс- шараларға қатысуымен  нығаяды: сайлау науқандары, митингтер, сенбіліктер.

Колледж студенттерінің дұрыс өмірлік көзқарастарын, өткен тарихы үшін мақтаныш сезімдерін және қазіргі дәуірді дұрыс бағалай білуді қалыптастыру – осының бәрін жүзеге асыру келесідей жұмыс түрлерімен жүзеге асырылады:

  1. Сыныптан тыс іс-шаралар.
  2. Сабақта студенттермен жұмыс жүргізу.
  3. Колледжішілік «Визир» жастар ұйымының, «Нұр Отан» партиясының жастар қанатының жұмысы және Семей қаласының ішкі істер саясаты «Жастар орталығы» КМҰ жұмыстары.
  4. Мемлекетіміздің атаулы күндеріне қатысты шерулер, митингтер мен форумдарға қатысу.
  5. Қала әкімшілігі, Достық үйі, Облыстық Білім басқармасы мен ТжКБ орталығының іс-шараларына қатысу.

2016-2017 оқу жылы азаматтық, отаншылдық-патриоттық тәрбие бағытына ерекше назар аударылды.  Бұл бағытта ұйымдастырылған іс-шаралар:

-Курстар бойынша топ сағаттары: «Во имя тех священных дней»; облыстық семинарда ашық топ сағаты «Скажем «нет» коррупции!», 403 топ, топ жетекшісі Федорук Е.К.; «Права гражданина республики Казахстан» – 301 топ, жетекшісі Абдрашитова О.Л.; «Мы – разные, мы – равные», «План нации – 100 конкретных шагов», «Символы Казахстана», облыстық семинарда ашық сынып сағаты «Что такое коррупция?» – 302 топ, Хакимова А.М.; «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» – 304 топ., жетекшісі Мадиянова Э.М.; «Моя Родина – Казахстан. Помним о героях ВОВ», «Письмо самому себе»  – 303 топ, жетекшісі Бексултанова З.Б.; облыстық семинарда дөңгелек үстел «Заңды білу – заман талабы», 2 курс студенттері, топ жетекшісі Ердешева А.К.

– Кітапхана меңгерушісі Шуршутбаева Л.К. әңгіме, сабақтан тыс іс-шаралар өткізді:

Азаматтық-отаншылдық, құқықтық және мәдени тәрбие бағыты бойынша:

«Пламенный патриот (о К. Рыскулбекове)» – 202 топ, «Әлем – XXI ғасыр» – 205 топ.

Зияткерлік викторина: «Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы» – 207 топ;

«Мәңгілік ел» аясында дөңгелек үстел: «Президент Назарбаевтың манифесті» – 206 топ.

 

 11 June 2018