State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Жазғы оқыту тәжірибесі

Жазғы оқу тәжірибесін өткізу

Тәжірибенің ұзақтығы:

2 курс – 14 апта

3 курс – 4 апта

4 курс – 7 апта

Тәжірибенің барлық түрлерінің мазмұны мен көлемі 2008 ж. 4-05.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартына,  2012 жылғы жаңа баспада енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға, кәсіптік тәжірибенің типтік және жұмыс бағдарламаларына  сәйкес келеді.

Жаңа 4.05. 2008 ҚР МЖМБС  колледжде оқыту мерзімі ұзартылған, бұл қосымша уақыт топографо-геодезиялық өндірістегі заманауи ақпараттық технологияларды меңгерту үшін қарастырылған.

Кәсіптік тәжірибенің жұмыс бағдарламалары жұмыс берушілермен келісілген.

“Семдорпроект” ЖШС , “Қазгеодезия” РМҚК “Шығысгеодезия” филиалы,  жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу Департаментінің Семей қалалық бөлімшесі, ШҚО бойынша Азаматтарға арналған үкімет  “Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Оқу геодезиялық және топографиялық тәжірибелерді өткізу орны: 

  1.  “СГжКК полигоны” аталатын колледж маңайындағы Семей қаласының аумағы;
  2. “Суық бұлақ” қала маңындағы полигон;
  3. Колледж зертханасы.

Барлық учаскелер алдыңғы тәжірибелер барысында өз күшімізбен жасақталған  геодезиялық желілермен қамтамасыз етілген. Колледждің геодезиялық негізінің  тығыздығы мен дәлдігі  геодезиялық, топографиялық және инженерлік-геодезиялық жұмыстардың барлық түрлерін өткізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, барлық учаскелер аэрофотогеодезиялық және картографиялық үрдістерді орындауға мүмкіндік беретін аэрофототүсіру және ғарыштық түсірілім материалдарымен қамтамасыз етілген.

Камералдық тәжірибенің  барлық түрлері қажетті аспаптармен, материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік және бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етілген.

Өткізу тәртібі:

  1. Бригадалар мен отрядтар жасақталды;
  2. Отрядтардың жетекшілері тағайындалды;
  3. Тәжірибе жетекшілері арасында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы бойынша емтихан өткізілді;
  4. Отрядтарда еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізілді.

3, 4 пункттар бойынша құжаттар ПТБ-88 салалық ережелеріне сай рәсімделген.

  1. Учаскелер отрядтар арасында бөлінген;
  2. Білім алушыларға қойылатын бірыңғай талаптармен таныстыру мақсатында жиналыс өткізілді;
  3. Барлық жетекшілерге тәжірибе түрлерін өткізу бойынша жұмыс бағдарламалары, техникалық және әдістемелік нұсқаулықтар берілді.

Оқу тәжірибесінің техникалық және әдістемелік қамтамасыз етілуі толық болды. Күнделікті ұйымдастырушылық, техникалық және әдістемелік мәселелер қарастырылған шұғыл отырыстар өткізілді.

 

 14 May 2018