«Менің Отаным – Қазақстан» кітап көрмесі
«Геодезия және картография жоғары колледжінде» 25 қазан – Республика күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
“Республика күні» – бірқатар мемлекеттердегі республиканың таптырмас атрибуты болып табылатын мемлекеттің республика болып жарияланған немесе елдің конституциясы қабылданған күні атап өтілетін ұлттық мереке.
.Мақсаты: Студенттерді ұлттық рухта тәрбиелеу. Елін, жерін, Отанын, ана тілін сүюге ықпал ету. Студенттерге Қазақстан туралы, Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мәлімет беру, Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау. Кітап көрмесін кітапханашы Касымова С. таныстырды. 105 топ студенттері көрмедегі кітаптармен танысып, қойылған кітаптарды қарап, өз ойларымен алмасып, белсенділік танытты.