Жүлделі сайыс
Жүлделі сайыс
Қазақ халқының тұңғыш кәсіпқой балуаны, «Күш атасы» Қажымұхан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай колледждер арасында гір көтеру сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты: студент пен оқытушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдамдылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Гір көтеру сайысы бойынша Геодезия және картография жоғары колледжінің командасы – 2 орын иеленді.
Сонымен қатар 65 килограмм салмақпен 403 топ студенті Тобытаев Мирас 2 орын, 104 топ студенті Нұрланов Сұлтан 4 орын алды.