Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.
«Геодезия және картография жоғары колледжі» КМҚК жылдағы дәстүрді бұзбай, биыл да аталмыш мерекеге байланысты қашықтан тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастырды. Тәрбиелік іс-шаралар барысында келесі деректі фильмдер көрсетіліп, тәуелсіздік шежіресінен сыр шертілді, егемен елдің жеткен жетістіктері туралы түрлі мағлұматтар берілді:
“Тәуелсіздіктің 7 қыры: Жаңғыру жолы”, /https://youtu.be/Lcdk7CnW6TU/;
“7 граней независимости: Час испытаний” /https://youtu.be/JrQ4qxuZQXo/;
“7 граней независимости: Один народ, одна судьба” /https://youtu.be/5G0wfeVyKEA/;
“7 граней независимости: В единстве – сила”/https://youtu.be/DmvkoFolcNo/;
“7 граней независимости: Линии жизни” /https://youtu.be/TZyM_OYaOWE/;
“7 граней независимости: Путь к процветанию” /https://youtu.be/6c8Hv-1CzbE/.