Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Ақ жол, Түлек-2018

2018 жылдың 5 шілдесінде Геодезия және картография колледжі кезекті түлектерін алтын  ұя  – білім ордасынан ұшырды. Биыл барлығы 145 түлек шықса, оның 17-сі қызыл диплом алды.
Салтанатты рәсімге студенттер, олардың ата-аналары, оқытушылар құрамы және басқа да қонақтар қатысты.
1946 жылы құрылған Геодезия және картография колледжі отандық білім беру флагманы болып табылады. «Геодезия және картография» мамандығы еңбек нарығында сұранысқа ие.             Оқуды аяқтаған кешегі студенттерді оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары С.С. Усманова құттықтады. Ол түлектерге сәттілік, тілектерінің орындалуын тіледі, сонымен қатар жігерлендірді: «Естеріңізде болсын, қаншалықты жоғары ұшсаңыздар да, ең алдымен адамдық сана-сезімді жоғалпаңыздар. Әрқашан АДАМ болып қалыңыздар». Суфия Салихжанованың айтуынша, түлектер кеші тек қана студенттерге ғана емес, сонымен қатар колледждің 70 жылдық тарихында осы оқу орнының қабырғасынан ұшқан талай   көрнекті түлектер үшін де маңызды оқиға.             Өндірістік тәжірибе жөніндегі директордың орынбасары М.С.Балагутов түлектерді білім берудің бірінші кезеңінің аяқталуымен құттықтап, болашақ кәсіби қызметінде шығармашылық табыстар мен денсаулық тіледі.            Колледжді бітірген  кейбір түлектер қызмет жолын бастауды көздесе, ал қалған бөлігі біздің еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындарында білімін жоғарылатуды жоспарлап отыр .

 13 July 2018