Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Көктем! Мереке!

 

Көктеммен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келді. 8 Наурыз-көктемнің ең ғажайып, ең нәзік мерекесі! Бұл күн ерекше, ол күн сәулесімен, әйел жүзінің жарқырауымен, нәзіктікпен көмкеріледі.

Мереке қарсаңында жатақхана студенттері аарасында әйелдер күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

6 наурызда жатақхана тәрбиешісі А. Т.  Орынкаев жатақхана студенттерімен “Қыздарға әсемдік жарасады” тақырыбында сабақтан тыс тәрбие сағатын өткізді. Сабақтан тыс іс-шараны өткізу мақсаты: қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, сыпайылыққа, достық қарым-қатынасты қалыптастыруға, қыздарды сыйлауға, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру.

7 наурызда тәрбиеші К.М.Кылышов  жатақхана тұрғындары арасында  үстел теннисі ойынын ұйымдастырып, уақыттарын қызықты, әрі көңілді өткізуге ықпал етті.

 09 March 2021