Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

«Ұлы даланың дара тұлғасы»

«Ұлы даланың дара тұлғасы»

 

Геодезия және картография жоғары колледжінің кітапханашылары Олжас Сүлейменовтың 85 жасқа толуына  орай «Ұлы даланың дара тұлғасы» атты онлайн көрме  өткізді.

Мақсаты: Жас ұрпақты Олжас Сүлейменовтың елінің болашағы үшін жасаған ерен еңбектері, баға жетпес құнды шығармалары туралы мағлұматтар беру арқылы, жастардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, ғасырлар бойғы тарихымызды ұлықтауға,оны сақтауға, ұлтжандылық қасиеттерін нығайтуға, еліміздің нағыз патриоты болуға тәрбиелеу.

Олжас Сүлейменов – ақын, Қазақстанның халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түрколог, танымал саясатшы, көрнекті мемлекет және қоғам  қайраткері. Олжас Омарұлы Сүлейменов – 1936 жылдың 18 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Геология факультетін тәмамдаған. Олжас Сүлейменовтың кітаптары ағылшын, француз, неміс, испан, чех, поляк, болгар, венгер, моңғол және түрік тілдеріне аударылған. О.О.Сүлейменов шығармаларында қазақ халқының басынан өткерген түрлі кезеңдерін, қайғы-қуанышын жазды.

Халқымен бірге  қуанып, бірге қайғырды, елімен мақтанды. Ақын ядролық апатқа қарсы «Семей-Невада» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор үлес қосты.

 

 14 May 2021