Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

геодезист Г. А. Федосеев

Геодезия және картография жоғары колледжінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен, 101 топ студенттерімен жазушы, геодезист Г.А. Федосеевтің кітаптары бойынша «Көркем әдебиеттегі геодезист бейнесі» атты шолу өткізілді.

Мақсаты: Г.А. Федосеевтің өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру;

Г. А. Федосеевтің кітаптары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу;

Студенттердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Григорий Федосеев – Сібір тайгасының байырғы тұрғыны емес. Ол Солтүстік Кавказда дүниеге келген. Кубан политехникалық институтын бітірген кейін, алты жылдан соң Новосібірге көшіп, геодезист болып жұмыс істеп, бүкіл өмірін Шығыс Сібірдің жабайы табиғатында өткізді. Григорий Анисимович әдеби шығармашылық еңбегімен зейнетке шыққаннан кейін ғана айналысты. Көп ұзамай оның барлық достары жазушылар, зерттеушілер мен сыншылар – орыс әдебиетіне әлемді өз көзімен көріп, оны өз шығармаларында бейнелейтін мүлдем ерекше және талантты жазушы, зерттеуші және суретші келгенін көрді. Федосеевтің жазғанының негізі – отыз жылдан астам уақыт бойы жүргізген күнделіктері. Ол аты-жөндерін ойлап таппады, шынайы географиялық атауларын сақтап қалды. Федосеев кітаптарының кейіпкерлері – автормен бірге Сібір тайгасында өмірінің қиындықтары мен қауіптерін бөліскен адамдар. Федосеевтің барлық әңгімелері нақты оқиғаларға негізделген. Г. Федосеевтің алғашқы кітабы – “Тайга кездесулері” әңгімелер жинағы – 1950 жылы жарық көрді.

 16 March 2021