State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Менің мамандығым – елімнің өркендеу кепілі!

“Менің мамандығым – елімнің өркендеу кепілі!” стенд-мобының ШҚО аудандары мен қалаларындағы жұмысы.

ТжКББ орталығының ұйымдастырымен Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кадрларды дайындау мақсатында 2017 – 2018 оқу жылына арналған  “Менің мамандығым – елімнің өркендеу кепілі!” атты кәсіби  бағдар беру бойынша стенд-моб өткізу үшін мобильді топ құрылды. Колледждің кәсіби бағдар беру бөлімі «Моя профессия – моя гордость!», «Менің мамандығым – мақтанышым!» тақырыбында ролл-ап дайындады.

Бекітілген жоспар бойынша 2016 жылдың 17 қазанында Семей, Өскемен қалаларының және аудандық колледждер, сондай-ақ ТжКББ орталығы өкілдерінің мобильді тобы  «Ақсуат – Зайсан – Күршім» бағытында жолға шықты. Аталмыш іс-шараға Тарбағатай ауданы бойынша 15 мектептен 317 адам (8-11 сыныптар) қатысты.  2016 жылдың 18 қазанында Зайсан қаласы бойынша 24 мектептен  362 оқушы қатысты. 2016 жылдың 19 қазанында Күршім ауылында 11 мектептен 294 оқушының қатысуымен стенд-моб өтті.

2016 жылдың 24-26 қазан аралығында «Зырян – Катон – Қарагай – Самар» бағытында стенд-мобқа  8 мектептен 187 оқушы қатысты.

2016 жылдың 27-28 қазан аралығында «Аягөз – Таскескен – Үржар» бағытындағы  стенд-мобқа 9 мектептен 148 оқушы тіркелді.

2017 жылдың 6-8 ақпан аралығында «Риддер – Глубокое – Шемонаиха» бағыттарындағы стенд-мобқа  7 мектептен 167 оқушы қатысты.

 06 May 2018