Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

«Тәрбие – отбасынан басталады»

«Тәрбие – отбасынан басталады»

            Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 2019 жыл – Жастар жылына орай, жастарды тәрбиелеу мақсатында геодезия және картография колледжінің жатақхана оқу залында, Шолпан Мамийқызының ұйымдастыруымен жатақхана студенттерімен  «Тәрбие – отбасынан басталады» атты тақырыбында әңгіме өткізілді.

Шолпан Мамийқызы студенттерді отбасындағы қарым – қатынас мәдениеті туралы,  отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, студенттердің бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру, сыйластыққа, адамгершілікке, ынтымақ пен бірлікке, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, мақтаны болуға, ата – ананың алдындағы парызын өтеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген. Әңгіме барысында әр түрлі жағдаяттарды мысалға келтірді. Студенттер өздерінің ой-пікірлерін ашық айтып, ортаға салды. Тәрбие сағатының соңынан бәріне жүрекше парақтар таратылып, әрқайсы өз ата-анасына, оқу орындарына, ұстаздарына деген тілектерін қағаз бетіне түсіріп берді. «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, сол тілектер оқылып, жақсы көңіл күйде тарқасты.

 11 February 2019