Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

«Студент қатарына қабылдау» кеші

Геодезия және картография колледжінің  қалыптасқан дәстүрлері бар. Ең жарқын және есте қаларлық оқиғалардың бірі – мереке ретінде өтіп, жастар өмірінде жаңа белес ашатын «Студенттер қатарына қабылдау» кеші.

Ағымдағы оқу жылының 22 қарашасында колледждің акт залында жаңадан қабылданған студенттерге арналған кеш өтті, онда студенттер өздерінің шығармашылық деңгейлерін көрсетті. «Визир» жастар орталығының белсенділері Жүнүсов Мақсат, Тоқанова Орынгүл, Серік Камила және Әуезов Диастың тамаша эпитеттерімен бір-біріне ұқсамайтын концерттік нөмірлер бір-бірін алмастырып отырды.

Осы мерекеде есте қаларлық сәттер де болды: жоғарғы курс студенттері дәстүр бойынша жаңа қабылданған студенттерді құттықтап, торт түріндегі тәтті сыйлықтарын тарту етті.

Директордың ТЖЖ орынбасары М.К.Омарова да құттықтау сөз сөйледі. Ол таңдаған мамандықтары туралы, оқу орнының дәстүрлері туралы айтты. Студент қатарына қабылданғандарға үлкен бір отбасының белсенді мүшесі болып, үмітті ақтауларын және де осы толық құраммен түлектер кешіне жетуді тіледі.

 26 November 2019