State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Серіктестермен өткен онлайн кездесу

Бүгінгі таңда Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Қазақстан халқының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында төтенше жағдай жариялағаны белгілі.  Осы жағдайға байланысты елдегі біраз мекеме, кәсіпорын жұмысына шектеу қойып, кейбіреуінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Ал білім саласы болса, қашықтан оқыту технологиясына көшкені баршамызға аян. Яғни, жұмыс тоқтап қалған жоқ.

11 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Геодезия және картография жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өкілдері Усманова С.С., Омарова М.К., Шевченко О. А.  Еуразия Ұлттық Университетінің “Геодезия және картография” кафедрасының меңгерушісі Ж.М. Аукажиеваның бастамасымен және ұйымдастыруымен өткен онлайн конференцияға қатысты. Онлайн режимдегі конференцияға кафедраның жұмыс беруші серіктестерінің өкілдері:  сәулет-құрылыс факультетінің деканы Баймуханов С.К., университеттің “Карьера және бизнес әріптестігі” бөлімінің бас мамандары – Смагулова Г.Р., Туспекова З.Ж., сонымен қатар жұмыс беруші «Here Kazakhstan» ЖШС аймақтық директоры Нуртазина А.Т., «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ ҰК мәліметтер мен сервистарды өңдеу басқармасының бастығы Кабдулова Г.А., «Kazaerospace» ЖШС директоры Казиев Б.Н., «Геоид» ЖШС директоры  Кемербаев Н.Т., ҚР ӘК БШ геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті бастығының орынбасары, подполковник Аширов Ш.И. қатысты. Кездесу барысында жұмыс берушілер “Геодезия және картография” кафедрасымен ынтымақтастық барысындағы ұтымды жақтарды, даму жоспарын, кафедра түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін, кафедра студенттерінің өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктерін, сондай-ақ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ “Геодезия және картография” кафедрасы арасында үш жақты меморандумға қол қою қажеттілігін атап өтті. Подполковник Аширов Ш.И. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және ШҚО Білім басқармасының “Геодезия және картография жоғары колледжі” КМҚК ҚР Қорғаныс министрлігі  қарулы күштері үшін геодезия және картография саласында жоғары білікті мамандарды даярлауды бастауға мүмкіндік беретін бірден-бір тамаша ұсыныс екенін атап өтті.

Кафедра меңгерушісі Ж.М. Аукажиева “Геодезия және картография жоғары колледжі” КМҚК екі түлегі магистратурада оқып жатқандығын айтты.

Жұмыс берушілер, сонымен қатар еңбек нарығында геодезисттердің қажеттілігі бар екендігін және дәстүрлі саладан инновациялық сандық геодезия мен картографияға көшу дәуірі келгендігін де сөзге тиек етті. Жалпы, онлайн кездесу барлық тараптар үшін өте тиімді болды.

 14 April 2020