Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Қашықтықтан кәсіби бағдар беру

Кәсіби бағдар – бұл қазіргі кезде жасөспірімді өзін-өзі анықтауға дайындау, болашақ мамандығын сауатты таңдауға жетелейтін оның өзіндік сана-сезімін дамыту.

Кәсіптік бағдар берудің дәстүрлі формалары – ашық есік күндері, талапкерлермен кездесулер, мамандық бойынша шеберлік сыныптарын көрсету – осының бәрі пайдалы және нәтиже беретіні хақ. Бірақ қазіргі жастардың Дүниежүзілік ғаламтор желісіне көп уақыт бөлетінін және де коронавирус пандемиясы да өз түзетулерін енгізіп жатқанын ескерген де жөн. Сондықтан, ақпараттық технологияларды жастармен кәсіптік бағдар беру жұмыстарында қолдану саласында ғаламтор желісі бүкіл ел мен облыстың мектеп бітіруші түлектерін біріктіре отырып, жетекші орындардың бірін иелене алады.

Бүгін, 2020 жылдың 6 қарашасында Геодезия және картография жоғары колледжі skgk_kz Instagram парақшасы арқылы тікелей бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Эфирдегі кәсіптік бағдар беру жұмысын директордың міндетін атқарушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.С.Усманова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Омарова, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Шевченко О.А. жүргізді. Сондай-ақ, эфирге өткен жылдардың түлектері Хоналиев Тимур мен Жаңабай Қазбек қосылды.

Әңгіме соңында өтініш берушілер сұрақтар қойып, барлық сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.

 11 November 2020