State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Кітапханада коворкинг-орталығының ашылуы

 

28 ақпан күні  геодезия және картография  колледжінің  кітапханасында  колледж  үшін өте маңызды шара – заман талабына сай «Коворкинг орталығының» ашылу салтанаты өтті.

Басты мақсаты барлық санаттағы жастардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанаттандыру үшін үздік тәжірибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру болып табылады.

Салтанатты жиынды  колледж  тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Омарова М.Қ ашып, студенттерді  заманауи орталықтың ашылуымен құттықтады.  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде , 2019 жыл «Жастар жылына» орай ашылып отырған бұл орталық  жастардың шығармашылық, оқу бағдарламаларын  терең пайдалану аясында (қызығушылығы бойынша  көрмелер, үйірмелер, тренингтер, ағылшын тіліндегі клубтар) жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

«Коворкинг» сөзі бірлесе жұмыс жасау деген мағынаны білдіреді. Замануи орталық,  келген студенттерге  өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді.  Біздің кітапханада жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, жұмыс орындарының ауқымды саны, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, жедел интернет, принтерлер мен сканерлер.

 07 March 2019