Отбасы – адамгершілік пен руханияттың қайнар көзі
«Отбасы – адамгершілік пен руханияттың қайнар көзі»
2021 жылғы 16 ақпанда «Геодезия және картография жоғары колледжі» КМҚК директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М. К. Омарова мен педагог-психологы Б. Ж. Әсетова 1 курс студенттерінің ата-аналарына арналған «Отбасы – адамгершілік пен руханияттың қайнар көзі» тақырыбында семинар өткізді.
Рухани—адамгершілік тәрбиесі — өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Студенттерді рухани—адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі өзекті мәселе. Негізгі міндет – жас жеткіншектің жақсы әдет, мінез—құлқын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани — адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Семинар барысында ұрпақ тәрбиесіне келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі деп қарау керектігі айтылды. «Отан отбасынан басталады» демекші, ата–аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақты тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне оңтайлы қызмет етуге бағыттау ортақ мәселе екендігіне де назар аудартты. Осы мәселеге ата–аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалысу қажеттігін ескертті.
18 February 2021