State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Онлайн воспитательное мероприятие  «Еңселі елдің Елбасы»

Геодезия және картография жоғары колледжі кітапханашыларының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Еңселі елдің Елбасы»  атты  онлайн тәрбиелік іс–шара 105 ТА топ студенттерімен  өткізілді.

Мақсаты:  Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; студенттердің бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

Қазақ халқының тұңғыш президенті, елбасы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы Берікова Алтынай  айтып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған  презентациясын көрсетті.

Н.Ә.Назарбаев азат елдің Тұңғыш Президенті болған алғашқы күннен-ақ   Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай  реформалау мәселесіне баса  назар  аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жете түсінген Елбасы экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау көрсетті. Бұл жайында Тұрарбеков Талапкер   айтып өтті.

Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер-саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етті. Ол туралы Түсіпқан Торғын дайындаған шағын бейнеролик  көрсетілді.

Әлеуметтік сала – халық тұрмысының индикаторы, мемлекет әлеуетінің көрсеткіші. Ел азаматтары тұрақты жұмыспен қамтылса, әр жоба бойынша нақты іс жүзеге асырылса, онда нәтиженің оң болғандығы. Бұл саладағы жеткен  жетістіктер  туралы  Мұратұлы  Еларыс  мәлімдеді.

 

 26 November 2020