State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Облыстық ата-аналар жиналысы

 

2020 жылдың 11 маусымында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ZOOM платформасында бір уақытта облыстың ТжКББ оқу орындарының ата-аналары қауымдастығының өкілдерін жинады. Жалпы облыстық жиынға геодезия және картография жоғары колледжі студенттерінің ата-аналары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарова М.К. да қатысты. Жиналыста облыстық білім басқармасының ТжКББ басшысы Искакова Г.М. студенттердің жазғы жұмыспен қамтылуы, жазғы демалысты ұйымдастыруы және суға түсу маусымындағы қауіпсіздіктің алдын алу туралы айтып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

          Ата-аналар жиналысы, әсіресе, карантинге байланысты қиын күндерде мұғалімдер мен студенттердің ата-аналарының ынтымақтастығындағы басты қадамдардың бірі. Ата-аналар сонымен бірге оқу жылының қалай аяқталатыны, өндірістік және оқу-кәсіптік тәжірибелердің қалай өтетіні туралы толғандырып жүрген сұрақтарын директордың ТЖЖ орынбасары М.К. Омароваға қойып, толыққанды жауап алып қайтты.

 12 June 2020