Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Психология апталығы

2017 жылдың 25-29 желтоқсан аралығында “Геодезия және картография колледжі” КМҚК психология апталығы өтті

Апталықтың жоспары бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді, қатысушылар қатарында 2-4 курс студенттері, топ жетекшілері, колледж ұстаздары болды.

Психология апталығы қатысушыларға өз өмірінің құндылықтары жайлы көзқарастарын кеңейтіп, қоршаған адамдардың өзіндік ерекшілігін көруге көмектесті,  қатысушылардың психоэмоциональді шиеленістерін төмендетіп, өмірге, өзіне деген позитивті қарым-қатынасты қалыптастырып, ынтымақтастық, достық, өзара түсіністік және ең бастысы өз іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарына жауапкершілікті көтеру сынды әлеуметтік қабілеттіліктердің дамуына септігін тигізді.

Апталық аясындағы көптеген жағымды естеліктер мен көңілді сәттер  белсенділік танытқан студенттер мен оқытушыларды бей-жай қалдырмас.

«Радуга настроения» психологиялық акциясы

Акция мақсаты: өз көңіл-күйін түсінуге қызығушылық таныту және студенттер мен оқытушылардың эмоциональді жағдайына диагностика жасау.

«Менің тобымның ең үздік фото-суреті» байқау 

Студенттерге өз тобының өмірі жайлы фото-сурет арқылы жеткізіп, сондай-ақ байқауға қатысу мүмкіндігі туды.

«Із кесуші» ойыны

Студенттер психология бойынша білімдерін «Із кесуші» викторинасына және «Интеллектуалды марафонға» қатысу арқылы көрсетті.

Байқаудың қатысушыларына танытқан белсенділіктері мен колледжге деген сүйіспеншілікке толы қайталанбас өлеңдері үшін алғыс білдіреміз!

 

 10 May 2018