Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

“Аэрофотогеодезия” циклдік комиссиясының апталығында

2021 жылғы 9 наурызда сағат 16. 00 де  “Аэрофотогеодезия” циклдік комиссиясының апталығында “Менің біліктілігімнің эмблемасы” атты  онлайн конкурс  Googl  Meet жүйесінде өтті.

Бұл  конкурс Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының “Геодезия және картография жоғары колледжі” КМҚК 3 және 4 курс студенттеріне  0713000  “Геодезия және картография” мамандығына арналған.

Конкурстың мақсаты – “Техник-геодезист”, ” Техник – аэрофотогеодезист ” және ” Техник – картограф ” қызметінің негізгі мақсаттарын, міндеттері мен бағыттарын көрсететін эмблеманы (логотипті ) символдық нысанда әзірлеу.  Эмблема (логотип) осы біліктіліктер бойынша оқытуды одан әрі танымал етуге арналған.

Конкурс “Техник – геодезист”, ” Техник – аэрофотогеодезист ” және         ” Техник – картограф ” біліктіліктері бойынша оқытудың негізгі мағынасының креативті идеялары мен ақпарат беру нысандарын анықтауға бағытталған.

 09 March 2021