State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

«Наурыз – думан»

 

«Наурыз – думан»

18.03.2019 жылы колледжіміздің жатақханасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай театрландырылған «Наурыз – думан» концерттік қойылым өтті.

Мақсаты: Студенттерге Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт–дәстүрін бойларына дарыту, Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Қазақ халқының салт–дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жатақхана студенттері өздерінің актерлық шеберліктерін және өнерлерін көрсетті. Қойылым соңында дастархан жайылып, жатақханада тұратын студенттерге наурыз көже және ұлттық тағамдар таратылды.

 

 20 March 2019